Өлеңді балалардың оқуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ. Пірімов атындағы ауыл, №103 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Тоқсанбаева Биғанша
Сабақ тақырыбы
Өтебай Тұрманжанов. «Қарлығаш»
Сабақтың мақсаты
- Өлең мазмұнын меңгерту арқылы табиғат пен адам арасындағы байланысты түсіндіру.
- Ойлау дағдыларын қалыптастырып, өлеңді мәнерлеп оқуға, өз сөздерімен әңгімелеуге және ауызекі сөйлеуге машықтандыру.
- Табиғаттың адам өміріне және жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілікпен жұмыс
- Шығармашылық жұмыс
- Мәнерлеп айту
- Оқу
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа бағыттау, сыныптың дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын бекіту
- Қазір қай тарауды оқып жатырмыз?
- «Туған жерім — тұғырым, өскен елім — өзегім» тақырыбының мәні қандай?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Сансызбай Сарғасқаевтің «Шыбық» әңгімесін түсініп, оқып келу.
Талқылау сұрақтары
- Әңгіме неге «Шыбық» деп аталған?
- Сен Темірдің орнында болсаң не істер едің? Бақыттың орнында болсаң ше?
- Орманға жалғыз барар ма едің, әлде кері қайтар ма едің?
- Бақыт пен Темірдің қылықтарын салыстыр. Қайсысы ұнайды? Неліктен?
- Бақыт пен Темірге мінездеме бер.
Қорытынды ой: Оқушылар да шыбықтай өсіп келе жатқан егемен еліміздің болашағы. Жақсы әдеттерді үйреніп, жаман қылықтардан аулақ болайық.
III. Жаңа сабақ
Жаңа тақырып сөзжұмбақ шешу арқылы ашылады. Шешімі: «қарлығаш».
Бүгін Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» өлеңін оқимыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген. Ол қазақ мақал-мәтелдерін құрастырып, балалар әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Балаларға арналған «Біздің қарлығаш» әңгімелер жинағы және «Ұршық» өлеңдер жинағы бар.
Шығармашылық байланыс (4 минут)
- 1 Құстар туралы ойлану
- 2 Жұмбақтар шешу
- 3 Құстарға байланысты әңгіме жазу немесе өлең шығару
Қосымша: тақтадағы сюжетті сурет бойынша (құстар) ойларын ауызша айту.
IV. Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім өлеңді оқиды.
- Оқушылар кезекпен оқиды.
- Оқушылар құраған әңгіме/өлең мен түпнұсқа мазмұны арасындағы айырмашылық талқыланады.
- Өлеңдегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлер мен жәндіктер туралы әңгімелеу, салыстыру.
V. Өздік жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Дәптермен жұмыс: осы жерде қыстап қалатын құстардың аттарын жазу.
- Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу: қырмызы бел, тоқсан тоғыз, қиянат, тоқ санап.
VI. Бекіту және қорытынды
Қазақ халқы ежелден құстарды ерекше қастерлеген: ұлдарын сұңқарға, төгілте ән салған әншісін бұлбұлға, батырларын бүркітке, сұлуларын аққуға теңеген. Құстардың атымен қыз балаларға есім беру дәстүрі де бар: Сандуғаш, Ұлар, Қарлығаш. Құстардың қанат пішінінен ою-өрнек жасап, әнге қосқан.
Музыкамен байланыс
Ахмет Жұбатқановтың «Қарлығаш» әнін үнтаспадан тыңдау.
Құстар және ауа райы болжамы
- Шағала келсе, сең бұзылады.
- Көкек қатты әрі жиі шақырса, күн жылынады.
- Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы әрі құрғақ болады; жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
«Ұшты-ұшты» ойыны
«Ұшты-ұшты сұңқар ұшты. Ұшты-ұшты тұлпар ұшты. Ұшты-ұшты сандуғаш ұшты. Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты.»
Тапсырма: ішінен зат есімдерді тауып, белгілеу.
Логикалық тапсырма
Өрнектердің мәнін тауып, орнына қойғанда құстар туралы сөйлем шығады: «Құстар — біздің досымыз.»
Шығармашылық жұмыс
- Ермексаздан құстың бейнесін жасау.
- Мультфильм көрсету.
VII. Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысып, нақты жауап берген 7–8 оқушыға баға қойылады.
Үй тапсырмасы
- «Құстар — біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастыру.
- Альбом жасау.
- Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіріп айту.