Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру
Тоқсан жастағы тарлан. Мырзатай Жолдасбеков
Сабақтың мақсаты
Кенен Әзірбаев және оның өнері, ән құдіреті туралы оқыта отырып, қазақ халқының тарихы мен тұрмыс-салты жайында мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері
I. Білімділік
Көркем сөз, қара сөз және нақыл сөздердің мағынасын ашып, оларды орынды әрі дұрыс қолдануға үйрету.
II. Дамытушылық
Өнер адамдары туралы білімді кеңейту, ән мен өнерге қызығушылықты арттыру, сыни ойлау арқылы сөйлеу тілін дамыту.
III. Тәрбиелік
Кенен атаның әндерінің құдіретін сезіндіре отырып, өнер адамдарын құрметтеуге, адамгершілікке, туған ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
Көрнекілік
Кенен Әзірбаев туралы мәліметтер, «Бозторғай» әні (үнтаспа).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңіл-күйін реттеу, назарын шоғырландыру, сабаққа бейімдеу.
II. Өткен материалды еске түсіру
Бұрынғы тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап арқылы білімді жаңғырту.
III. Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту
I топ
Домбыра
II топ
Қобыз
III топ
Жетіген
Қазақ халқының арасында өнер адамдары көп болған, өнер түрлері де сан алуан. Соның ішінде күй өнерін халыққа жеткізген атақты композиторларды ел ерекше қастерлеген.
«Бозторғай» әнін тыңдау
- Әнді тыңдағаннан қандай әсер алдыңдар?
- Көз алдарыңа не елестеді?
- Неліктен олай деп ойлайсыңдар?
Кенен Әзірбаев туралы
Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріледі. Ақынның қызы Төрткен әкесінің еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі екені айтылады.
IV. Мағынаны ашу
Мәтінді түсініп оқу, талдау және ой қорыту.
Талқылау сұрақтары
- Кенен ақынға сипаттама бер. Оның бойында қандай қасиеттер болған?
- «Ел басына қайғы төнген қараңғы түнек» тіркесін қалай түсінесің?
- Ақын нені армандады? Сол арманына жетті ме?
V. Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Теріп-теріп алайық,
Құлпынайы көп екен,
Қалтамызға салайық!
VI. Ойтолғау
Топтық жұмыс арқылы қорытынды ой қалыптастыру, шығармашылық тапсырмалар орындау.
I топ
Кенен Әзірбаев
Топтастыру жасау.
II топ
Ән құдіреті
Эссе жазу.
III топ
«Кенен ата»
Бес жолды өлең стратегиясын қолданып, ән мәтінін/өлең құрастыру.
Сабақты Кенен атамыздың әнімен аяқтай отырып, оның әндерін жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.
VII. Үй тапсырмасы
- 51–53-беттер: мәтінді түсініп оқу.
- Кенен Әзірбаев туралы қосымша мәлімет жинау.
VIII. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топ бойынша мадақтап, жеткен жетістіктерін атап өту арқылы білімін бағалау.