Жетісу көтерлісінің жетекшілері

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп
С. Аманбайұлы атындағы орта мектеп
Пән
Қазақстан тарихы (11-сынып)
Мұғалім
Алмагүл Жетписбаева, тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Оқу мақсаты

Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс туралы түсінігін кеңейту.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың шығу себептерін айта алады.
  • Қозғалыс орталықтарын картадан көрсете алады.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Қозғалыстың себептері мен мақсаттарын талдайды.
  • Жетекші тұлғалардың қызметін сипаттап бере алады.

Кейбір оқушылар

  • Қозғалыстың мақсатын терең түсінеді.
  • Қозғалыс орталықтарындағы көтеріліс барысы туралы пікірін дәлелдермен негіздеп тұжырымдай алады.

Алдыңғы оқу және бағалау

  • Ашық және жабық сұрақтардан тұратын тест тапсырмалары орындалады.
  • Оқушылар өзін-өзі бағалау жүргізеді.
  • Алдыңғы тақырыптар: Азамат соғысы және революция; Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Тест тапсырмалары

  1. 1) Патша жарлығына қарсы бағытталған стихиялық бас көтерулер қашан басталды?

    • а) 1916 жылы шілдеде
    • б) 1916 жылы маусымда
    • д) 1916 жылы қыркүйекте
    • с) 1916 жылы желтоқсанда
  2. 2) Қарашақ болысында хан болып кім сайланды?

    • а) А. Жангелдин
    • б) Ұ. Саурықов
    • д) О. Шомыр
    • с) Б. Әшекеев
  3. 3) 1916 жылғы көтеріліс туралы жазылған шығарма:

    • а) «Қилы заман»
    • б) «Өмір мектебі»
    • д) «Батыр Баян»
    • с) «Ел қорғаны»
  4. 4) 1916 жылғы көтерілісшілердің бірінші кезектегі іс-әрекеті:

    • а) Қоныстанушыларды қуды
    • б) Бай-феодалдардың жерін тартып алды
    • д) Отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді
    • с) Патшаны тақтан құлатты
  5. 5) Қарқара көтерілісін ұйымдастырушы:

    • а) Н. Кротов
    • б) Е. Курев
    • д) С. Вербицкая
    • с) Д. Федосов
  6. 6) Қараша айында Амангелді сарбаздарының саны:

    • а) 5 мың
    • б) 15 мың
    • д) 25 мың
    • с) 50 мың
  7. 7) 1916 жылы 23 тамызда шыққан құжат:

    • а) Генерал-губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы
    • б) Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаумның бүлікшілерді жазалау туралы бұйрығы
    • д) С. Ужгиннің Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз-прокламациясы
    • с) Патша үкіметінің қара жұмысқа алу туралы жарлығы
  8. 8) Жетісу көтерілісінің жетекшілері:

    • а) С. Мендешев, Ә. Әйтиев
    • б) Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, Т. Бокин
    • д) Ж. Мыңбаев, Ә. Жангелдин
    • с) Ә. Майкөтов, Ә. Иманов
  9. 9) Амангелді сарбаздары Торғай қаласын қашан қоршады?

    • а) 1916 жылы 23 тамызда
    • б) 1916 жылы 9 қыркүйекте
    • д) 1916 жылы 22 ақпанда
    • с) 1916 жылы 22 қазанда
  10. 10) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты:

    • а) Феодализмге қарсылық
    • б) Дүниежүзілік соғысқа қарсылық
    • д) Діни бөлінушілікке қарсы
    • с) Империализмге, отаршылдыққа қарсылық

Сабақтың құрылымы

Басталуы

«Қар кесек» ойыны арқылы жағымды ахуал қалыптастырылады. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты нақтыланады.

Қойылатын сұрақтар

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс туралы не білеміз?
  • Көтеріліс жетекшілерінен кімдерді атай аламыз?
  • Көтеріліс болған өңірлерді картадан көрсете аламыз ба?

Ортасы

Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ постер құрастырып, қорғайды. Жұмыс «Не? Қайда? Қашан?» сұрақтарына жауап беру арқылы ұйымдастырылады.

Не?

Оқиғаның мәні, себептері, қатысушылары.

Қайда?

Қозғалыс ошақтары мен өңірлік ерекшеліктері.

Қашан?

Негізгі кезеңдер, даталар, хронология.

Аяқталуы

  • Жұптық жұмыс: «Адасқан әріптер» әдісі арқылы жаңа сөздердің тізбесін жасау.
  • «Мозайка» әдісі арқылы сабақты жинақтау және қорытындылау.