Периодтық кесте
Сабақтың тақырыбы
Алюминий және оның қосылыстары (Химия, 9-сынып)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға алюминий элементі туралы жүйелі білім беру: атом құрылысы, табиғатта таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы, сондай-ақ алюминий ионын анықтау тәсілдері.
Дамытушылық
Оқушылардың жеке элементке қатысты ғылыми көзқарасын дамыту; алюминий туралы тарихи деректерді қарастыру; сабақта халықтық педагогика элементтерін орынды қолдану.
Тәрбиелілік
Білімді, елін, ұлтын, халқын, тілін және табиғи байлығын қадірлейтін, отансүйгіш жас ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі
Ой қозғау, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, көрнекілік және бейне-тәжірибе арқылы түсіндіру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар
- Периодтық кесте.
- Қымбат және бағалы тастардың суреттері (көрнекілік материал).
- Al сымын қыздыруға арналған бейне-тәжірибе.
- Алюминий туралы презентация және қолданылуы бойынша кесте.
- Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»
- Судың кермектілігі дегеніміз не?
- Судың кермектілігінің неше түрі бар?
- Уақытша кермектілік дегеніміз не?
- Тұрақты кермектілік дегеніміз не?
- Кермектілікті жоюдың қандай жолдары бар?
Кестені толтыру
| Судың кермектілігінің түрлері | Қатысатын иондар | Жою тәсілдері | |
|---|---|---|---|
| Катиондар | Аниондар | ||
| Уақытша | |||
| Тұрақты | |||
| Жалпы | |||
Жаңа сабақ: тақырыпты жұмбақ арқылы ашу
Бүгінгі тақырыпты жұмбақты шешу арқылы анықтаймыз. Жауабы — «қанатты металл».
Болмасам да айтарлықтай салмағым,
Мен көпшілікке ардақтымын, алғырмын.
Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап,
Жердің жүзін, көк аспанды шарладым.
Дюралюминий дейтін менің қоспамды,
Әспеттейді химияның достары.
Осы металлдан төсек, үстел, ыдыс пен,
Бағандардың бұйымдарын қосады.
Қағаз болып қант-шайды сәндедім,
Тоққа балқып, ән болып та келдім.