Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Сауат ашу (1-сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі». Бұл сабақ оқушылардың тыңдалған материал бойынша пікір айтуына, берілген тақырыпқа әңгіме құрап сөйлеуіне және сөздерді орфоэпиялық нормаға сай дұрыс айтуына бағытталған.

Оқу мақсаттары

  • 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
  • 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
  • 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: жаңа білімді меңгереді.

Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: алған білімін күнделікті өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
  • Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтар мен байланыстар

Құндылықтарды дарыту: оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: өнер, ана тілі.

АКТ дағдылары: аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік: Жеті — семь — seven

Сабақтың басы

Сабақ ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан басталады. Мұғалім оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге жұмылдырып, сабақтың ерекше форматта өтетінін хабарлайды: тапсырмалар 4 топ бойынша орындалады, әр дұрыс жауап үшін смайликтер беріледі.

Шаттық шеңбері

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Біз сабақты бастаймыз.

Өткенді пысықтау

Мұғалім оқушыларды орындарына жайғастырып, бүгінгі сауат ашу сабағының ерекше өтетінін еске салады. Сабақ «Ынтымақсыз іс бітпес» ұранымен басталып, ұйымшылдық пен бірлесе әрекет етуге шақырады.

Одан кейін «Кім шапшаң?» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасалады: мұғалім сұрақ қояды, оқушылар жылдам әрі нақты жауап береді.

Сабақ ережелері

  1. 1 Тыныштық сақтаймыз.
  2. 2 Сұрақтарға дұрыс жауап береміз.
  3. 3 Бір-бірімізді тыңдаймыз.
  4. 4 Өз ойымызды ашық айтамыз.
  5. 5 Жауап толық болмаған жағдайда, топ мүшелері толықтырады.

Сұрақтар топтамасы

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Қандай болып бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
  • Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
  • Өткен сабақта қандай дыбыс және қандай әріппен таныстық? (Ә дыбысы мен әрпі)
  • Ә дыбысы қандай дыбыс?

Қорытынды әрекет

Сұрақ-жауап жүргізілгеннен кейін мәтін оқытылады. Келесі бөлім: «Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі».