Көздеріңді жұмыңдар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім
Омарова Сағдат Бәкенқызы
Сынып
3-сынып
Сабақтың тақырыбы
Өмірді танып-білуге құштарлық
Құндылық
Ақиқат
Қасиеттер
Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың адамгершілік құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері

  • Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту.
  • Өмірді танып-білуге қызығушылықтарын арттыру.
  • Өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) «Тыныштық сәті» (қиялға бағытталған жаттығу)

Балалар, ыңғайланып отырыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Денелеріңді сезініп, бос ұстаңдар. Дене демалады, сана сергиді.

Өз денелеріңді көз алдарыңа елестетіңдер: басыңнан бастап, аяқтың ұшына дейін. Жақсы мен жаманды ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, қанатымыз бардай сезіледі.

Айналаға қарасақ, көзіміз тек әдемі, жақсы нәрселерге түседі: құлпырған гүлдер, жанында жайдары балалар. Әрқайсысының жүзінде күлкі.

Жер бетіндегі бар тіршілік бізге сыбырлағандай: «Жақсы бала бол!» Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн: «Жақсы болу — өзіңнен» деп тұрғандай.

Иә, шынында да, көбелектер сияқты әдемі болып, тек жақсы жерде жүргің келеді. Біз бәріміз де жақсылыққа қабілеттіміз. Жақсы болу — өзімізден екенін сезінейік.

Енді «бір, екі, үш» деп, бұрынғы қалпымызға қайта оралайық.

3) Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)

  • 2-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәнінен нені үйрендіңдер?
  • Өзіңе, өзге адамдарға және табиғатқа деген көзқарастарың өзгерді ме?
  • Жазғы демалыста қандай қызықты оқиғаларды бастан кешірдіңдер?

4) Әңгімелесу және мәтінмен жұмыс

М. Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін кідірістермен баяндап, әр ойға байланысты оқушылардың пікірін тыңдау. Оқушылар мәтінді мазмұндап, өз ойларын дәлелдеп айтуға үйренеді.

5) Дәйексөз

Тақтаға жазылады

«Өзін-өзі тану — адамгершілік құндылықтардың негізі».

Дәйексөздің мағынасын талқылап, дәптерге жазып алу ұсынылады.

6) Шығармашылық жұмыс

Тақырыпқа байланысты шағын эссе жазу: «Мен қандай баламын?»

7) Топпен ән айту

«Жас ұлан»

Қазағым менің — ұлы елім, Ғаламның ашқан түнегін. Кең байтақ алтын өрісім, Өзіңдей асқақ жүрегім!

Жас ұландар, жас қырандар, Еркін елдің түлегіміз. Көркейе бер, гүл еліміз, Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз, Жалындап тұр жүрегіміз.

Мен сенің бастау бұлағың, Өзіңе шашу — бұл әнім. Сап түзеп шықты нық басып, Қырандай берік ұланың.

Жас ұландар, жас қырандар, Еркін елдің түлегіміз. Көркейе бер, гүл еліміз, Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз, Жалындап тұр жүрегіміз.

Жас ұландар, жас қырандар, Еркін елдің түлегіміз. Көркейе бер, гүл еліміз, Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз, Жалындап тұр жүрегіміз.

8) Дәптермен жұмыс

Дәптердегі «алтын балыққа» өз тілектеріңді айтыңдар: «Өзін-өзі танудан нені үйренгім келеді?» деген сұраққа жауап беріп, тілектерді бос жолға жазыңдар.

9) Үй тапсырмасы

«Менің өмірімде болған қызықты кездер» тақырыбына эссе жазу.

10) Соңғы тыныштық сәті

Балалар, тыныштық сақтайық. Үнсіз отырып, қолымызды жүрегімізге қояйық та, жүрек үнін тыңдап көрейік. Жүректе әртүрлі сезімдер болады. Солардың ішінде жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезінейік.

Сабақтан алған білімімізді еске түсіріп, оны жүрегімізге түйіп алайық.