Хақназар ханның қазасы

Сынып: 7 • Қазақстан тарихы • Тақырып 38

Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (презентациямен)

Сабақтың мақсаты

Біртұтас қазақ мемлекетінің тарихи сахнада орнығып, күшеюін көрсету; саяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын қайта біріктіріп, жерін кеңейту мен халықаралық жағдайын нығайтудағы Хақназар ханның айрықша еңбегін түсіндіру.

Көрнекілік

  • Карта
  • Кестелер
  • Тірек сызбалар
  • Бүктеме материалдар
  • Үлестірме карталар
  • Тест тапсырмалары

Әдіс-тәсілдер

  • Ауызша баяндау
  • Сұрақ–жауап
  • Тест
  • Карточкалармен жұмыс

Өткен сабақты қайталау

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. 1. Ғасырлар бойы қазақ хандары қандай саясат жүргізді?
  2. 2. Қазақтың ұлы хандарын атаңыз.
  3. 3. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы қандай ірі табыстарға қол жеткізді?
  4. 4. Қасым хан ішкі жағдайды реттеу үшін қандай заң шығарды?
  5. 5. Қасым хан тұсында қазақ жерлерін толық біріктіру аяқталды ма?
  6. 6. Қасым хан неліктен ұзақ жылдар бойы Шайбани ханмен соғыс жүргізді?

Жаңа сабақтың жұмыс жоспары

Сабақ барысында төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылады:

1) Ресей мен Қазақ хандығы шекараларының жақындасу себептері

2) Ноғай Ордасындағы дағдарыстың себептері

3) Ноғай Ордасының Қазақ хандығы құрамына кіруі

4) Жетісу өңіріндегі саяси жағдайдың шиеленісуі

5) Қазақ-өзбек қатынастары

6) Хақназар ханның қазасы

Пікірсайыс кезеңі

Топтық жұмыс

1-топ: «Бабалар өсиеті»

  • Біртұтас қазақ мемлекетін құру идеясын бастап көтерген тұлғалар кімдер?
  • Қазақ халқының жүзге бөлінуін қалай түсіндіресіз?
  • Моғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібек хандарды неліктен құшақ жая қарсы алды?

Бұл кезеңде «Ұрпақтар» тобы өздері дайындаған сұрақтарды қойып, ұпай жинайды.

2-топ: «Хақназар хан»

  • Қазақ жерлерін біріктіру үдерісін Хақназар хан толық аяқтай алды ма?
  • Хақназар тұсында қазақ халқының этникалық құрамында қандай өзгерістер болды?
  • Жәнібек пен Керей хандар қоса алмаған Қазақстанның қай бөлігін Хақназар хан хандық құрамына енгізді? Оның маңызы неде?

3-топ: «Ұрпақтар»

«Ұрпақтар» тобы пікірсайыс барысында қалған екі топтың жұмысына баға береді. Одан кейін мұғалім үш сұрақ қояды, ал әр топ бір-біріне бір сұрақтан ұсынады.

Мұғалім сұрақтары

  1. 1.Неліктен қазақ хандарының басты назары оңтүстікте болды?
  2. 2.Қазақ халқының саны қай ханның тұсында 1 миллионнан асты?
  3. 3.Хақназар ханның басты қызметі неден көрінді?

Кейін үш топ бір-біріне сұрақ қойып, өз нұсқаларын оқиды. Бұл тәсіл оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретеді.

Тарихи тұлғаға баға беру

Келесі кезеңде Хақназар ханның тарихи қызметі талданады. Ол үшін Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзінді оқылып, оқушыларға саяси тұлға туралы тарихи тұжырым жасауға бағыт беріледі.

Сабақты бекіту

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

а) Қазақ хандарының алдында қандай тарихи міндеттер тұрды деп ойлайсыз?

ә) Хақназар хан осы міндеттерді орындай алды ма?

б) Хақназар хан тұсында мемлекет қандай саясат ұстанды? Оның себебі неде?

в) Хақназар тұсында Жетісудағы жағдай неліктен шиеленісті?

г) Хақназар хан өз саясатында қандай ірі табыстарға қол жеткізді?

Үй жұмысы

  • Тақырыпты оқып келу; Хақназар хан туралы қосымша мәлімет қарастыру.
  • І. Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын пайдаланып, Хақназар ханға сипаттама беру.

Бағалау

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне, сұрақтарға жауап беруіне және топтық жұмыс барысындағы үлесіне қарай бағаланады.