Ортағасырлық қалаларды ата

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Отырар — қаһарман қала

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Ойын
  • Мәтінмен жұмыс

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Мәтін
  • Сөзжұмбақ
  • Суреттер

Пәнаралық байланыс

География, әдебиет

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Отырар қаласының гүлденген кезеңі туралы түсіндіру және Отырардың ерлігі жайында толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік

Ата-бабаларымыздың Отан үшін жанын аямағанын үлгі ете отырып, елсүйгіштікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгелдеу
  • Сабаққа назар аударту

II. Үй тапсырмасын сұрау

Ортағасырлық қалалардың құрылысы үш бөліктен тұрған:

Цитадель

Патша сарайы, әкімшілік басқару орындары

Шахристан

Кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері

Рабат

Еңбекші халық

«Кім көп біледі?» ойыны (қайталау сұрақтары)

  1. VII–XII ғасырлардағы қалаларды ата.
  2. Әл-Идриси, Гардизи сияқты саяхатшылар Қимақ пен Қарлұқ иеліктеріндегі қалалар туралы не жазды?
  3. Бұл қалаларды кім басқарды?
  4. X–XII ғасырлардағы ірі қалалардың құрылысы туралы не айта аласың?
  5. Ортағасырлық қалаларды ата.
  6. Түркістан қаласының ежелгі атауларын ата.
  7. «Түркістан» атауы қандай мағына береді?
  8. Қыпшақ мемлекетінің басты саяси және мәдени орталығы қай қала болды?

III. Жаңа сабақ: Отырар — қаһарман қала

Отырар — ертеден-ақ шығыс әлеміне танымал қала. Кейбір деректерге қарағанда, осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. VI–VIII ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін IX–XII ғасырларда сол аймақтың басты қалаларының біріне айналды.

Гүлдену себептері

Отырардың гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны ерекше әсер етті. Қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған негізгі фактор — Ұлы Жібек жолы.

V–XV ғасырларда Отырар Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Ол Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Отырарға жан-жақтан көпестер үздіксіз келіп-кетіп отырды.

Қала тіршілігі

  • Медреселер
  • Базарлар
  • Ұстаханалар
  • Қонақүйлер
  • Мешіттер
  • Моншалар
  • Сауда дүкендері

Қорғаныс және жоспар

  • Қала мықты дуалмен қоршалды, кіретін бес қақпасы болды.
  • Қала екі дуалмен қоршалды: біріншісі бүкіл аумақты, екіншісі орталық бөлікті бөліп тұрды.
  • Орталықта билеушілер, байлар, ірі саудагерлер; сыртында қарапайым халық қоныстанды.

1219–1220 жылдар: Отырар қорғанысы

Отырар өз заманында талай қырғын шайқасты бастан өткерді. 1218 жылы Шыңғысхан басқарған моңғол әскері Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған адам, мал-мүлік моңғолдардың олжасына айналды.

Оңтүстік Қазақстан қалаларының ішінде Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Қаланы Қайырхан есімді әскербасы басқарды. 1219 жылы моңғолдар Отырарды басып алу үшін шамамен 150 мыңға жуық әскер аттандырды.

Отырарлықтар өз қаласын жан аямай қорғап, берілмеді. Қатты қарсылықты күтпеген Шыңғысхан қала бекінісін жермен-жексен ету жөнінде бұйрық береді. Қала бес ай бойы жауға берілмей шайқасты.

Алайда Отырар ішінде Қараша атты сатқын шығып, қаланың қақпасын жауға ашып береді. Соның салдарынан 1220 жылдың ақпанында моңғолдар қаланы басып алды. Аңыздарға қарағанда, Қайырханды аса қатыгез түрде өлтірген. Қала бірнеше күн бойы тоналып, қатты қиратылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Мәтінмен жұмыс

Тапсырма: төмендегі мәтіндегі қателерді тауып, дұрыс нұсқасымен салыстырып түзет.

Қате берілген мәтін (талдау үшін):

Отырар — ертеден батыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша оның орнында осыдан бір жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. VI–VIII ғасырларда Отырар Есіл өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған медреселер мен ұстаханалардың ашылуы болды. Қала мықты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін екі қақпа болған. Қала бес үлкен дуалмен қоршалған.

Сөзжұмбақ

Тақырып: Отырар. Негізгі ұғымдар мен тұлғаларды бекітуге арналған сөзжұмбақ тапсырмасы.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.

«Кім жылдам?» ойыны (бекіту сұрақтары)

  1. Отырар қаласы қай ғасырларда саяси орталыққа айналды?
  2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?
  3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?
  4. Қарапайым халық қай жерде қоныстанды?
  5. Моңғол мемлекетін кім құрды?
  6. Моңғол әскерінің саны қаншаға жуық болды?
  7. Моңғолдар Отырарды қай жылы басып алды?
  8. Бұл оқиға тарихта қалай аталады?

VI. Қорытындылау

Отырардың орналасуы, саудадағы орны және қорғанысы — оның орта ғасырдағы ірі орталыққа айналуына әсер еткен негізгі факторлар. Қала тарихы ерлік пен қайсарлықтың айқын үлгісін көрсетеді.

VII. Үй тапсырмасы

  • Отырар туралы мәтінді оқып, мазмұндау.
  • «Отырардың гүлдену себептері» тақырыбына қысқаша жоспар құру.
  • Негізгі терминдерді қайталау: цитадель, шахристан, рабат.

VIII. Бағалау

Оқушылардың жауап беру белсенділігі, мәтінмен жұмыс нәтижесі және ойын тапсырмаларындағы шапшаңдығы негізінде бағаланады.