Топ тапсырмалары

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

8 «Ә»

Пән

География

Тақырып

Сарыарқа

Пән мұғалімі

Бердіғали Ш.И.

Сабақтың мақсаты

Танымдық-білімділік

Сарыарқаның географиялық орны, жер бедері мен климаты, пайдалы қазбалары мен өзен торы, табиғат зоналары мен экологиясы туралы нақты білім қалыптастыру; географиялық байланыстарды анықтай білу дағдыларын дамыту.

Коммуникативті-дамытушы

Оқушылардың дүниетанымы мен көзқарасын кеңейту; ынтымақтастықта жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру; топпен және жұппен тиімді қарым-қатынас орната білуге үйрету.

Әлеуметтік-бағдар беру

Азаматтық қасиеттерді тәрбиелеу; қоғамға пайдалы, білімді, сұлулықты сезінетін, патриот әрі шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Сабақтың сипаты

Ұйымдастыру параметрлері

Сабақтың түрі
Баяндау, әңгімелесу, шығармашылық сабақ
Сабақтың тегі
Жаңа сабақ
Сабақтың тәсілі
Топпен және жеке оқушымен жұмыс
Сабақтың әдісі
Интерактивті оқыту әдістері

Ресурстар мен байланыстар

Көрнекіліктер
Қазақстанның физикалық картасы, 8-сынып атласы, слайдтар, оқулық, тақта, бор және т.б.
Пәнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, музыка, биология

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа қатысуды тексеру, оқу құралдарын дайындау, сабақтың мақсаты мен жұмыс форматын қысқаша түсіндіру.

II. Үй тапсырмасына шолу

«Таным таразысы» — қысқа сұрақ-жауап

  1. 1. Қазақстан жазықтарын ата.

    Жауабы: Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран ойпаты, Шығыс Еуропа жазығы.

  2. 2. Қазақстан аумағы қанша физикалық-географиялық аймаққа бөлінген?

    Жауабы: 9.

  3. 3. Ертіс–Құлынды даласы қай жазықтың құрамына кіреді?

    Жауабы: Солтүстік Қазақ жазығы.

  4. 4. Соколов–Сарыбай кен орнынан не өндіріледі?

    Жауабы: Темір кені.

  5. 5. Солтүстік Қазақ жазығында орналасқан қорық?

    Жауабы: Наурызым қорығы.

  6. 6. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл?

    Жауабы: Бетпақдала.

  7. 7. Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы?

    Жауабы: Мұғалжар.

  8. 8. Мұғалжар тауының ең биік нүктесі?

    Жауабы: Үлкен Боқтыбай.

  9. 9. Қазақстан жеріндегі аласа таулы өлкелер?

    Жауабы: Мұғалжар, Сарыарқа, Маңғыстау.

  10. 10. Батыс Мұғалжардың ерекшелігі неде?

    Жауабы: Солтүстіктен оңтүстікке қарай биіктейді.

  11. 11. Мұғалжардан бастау алатын өзендер?

    Жауабы: Жем, Ырғыз, Тобыл.

  12. 12. Мұғалжардың пайдалы қазбаларын ата.

    Жауабы: Хром, никель, құрылыс материалдары (құм және т.б.).

  13. 13. Мұғалжар тауы қай кезеңде пайда болған?

    Жауабы: Герцин қатпарлануы кезінде.

  14. 14. Қазақстанға Орал тауының қай бөлігі енеді?

    Жауабы: Оңтүстік бөлігі.

  15. 15. Мұғалжар тауы қандай бағытта орналасқан, ұзындығы қанша?

    Жауабы: Солтүстіктен оңтүстікке қарай, ұзындығы шамамен 450 км.

  16. 16. Мұғалжар тауы неше жотаға бөлінеді?

    Жауабы: 2 жотаға: батыс және шығыс.

  17. 17. Мұғалжардың батыс бөлігінің өсімдіктері?

    Жауабы: Боз, бетеге, селеу.

  18. 18. Жануарлар дүниесі қай зонаға тән аң-құстардан тұрады?

    Жауабы: Дала, шөлейт және шөл зоналарына тән.

  19. 19. Мұғалжардағы жылдық жауын-шашын мөлшері?

    Жауабы: Шамамен 300 мм.

  20. 20. Мұғалжар қай таудың жалғасы?

    Жауабы: Орал тауының жалғасы.

  21. 21. Мұғалжар тауынан соғатын тұрақты жел?

    Жауабы: Суық Мұғалжар желі.

III. Жаңа сабақ: Сарыарқа

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық әрі табиғи-тарихи аймақтарының бірі. «Сарыарқа» — халықтық атау: сарғайып жатқан кең жон, жалпақ үстірт, адырлы қырқа деген мағына береді.

Бұл өлке — қазақтың байлығының көзі, өнер мен мәдениеттің, тарихтың кеніші. Сарыарқадан талай дара тұлғалар шыққан: Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек би, жазушы Сәкен Сейфуллин, ақын Қасым Аманжолов, композиторлар Тәттімбет пен Мәди, Ұлы Отан соғысының батыры Нұркен Әбдіров, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров. Ұлы ойшыл Абай да Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген.

Географиялық тұрғыдан алғанда, Сарыарқа Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең өлке. Солтүстігінде — Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстігінде — Тұран ойпатымен, батысында — Торғай үстіртімен, шығысында — Сауыр–Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы шамамен 1200 км, ені 400–900 км.

Сарыарқаға Қарағанды мен Ақмола облыстары толықтай, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының бір бөлігі кіреді.

Негізгі бөлім: Топтық жұмыс

Уақыты: 15 минут • Әр топта баяндамашы және хатшы

Топтар жұмыс істеп жатқан кезде «Сарыарқа» күйін тыңдатуға болады. Әр топ өз тапсырмасын таныстырады (презентация), ал қарсы топтар бір сұрақ және бір пікір қосады.

№1 топ: Жер бедері және геологиялық құрылысы

  • Сарыарқа өлкесі неден тұрады: қандай пішіндер кездеседі, қалай жіктеледі, қандай аймақ?
  • Сарыарқадағы тау жоталары және ең биік нүктелері.
  • Жер бедеріндегі ірі ойыстар. Көкшетау мен Ұлытау тауларына сипаттама беру.
  • Неліктен «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп аталғанын түсіндіру.

№2 топ: Пайдалы қазбалары және климаты

  • Пайдалы қазбаларды кен орындарымен бірге кесте түрінде көрсету.
  • Климатына талдау жасау.
  • Ірі кен орындарын картадан көрсету.
  • Әлемдік сұранысқа ие қандай пайдалы қазбаларға бай екенін дәлелдеу.

№3 топ: Өзендері мен көлдері

  • Сарыарқаның басты өзен жүйелері мен көлдерін атау.
  • Өзендердің қоректену типтерін түсіндіру.
  • Өзендер мен көлдерді картадан көрсету.
  • Су проблемасының себептерін талдап, шешу жолдарын ұсыну.

№4 топ: Өсімдіктері мен жануарлары

  • Табиғат зоналарын анықтау; әр зонаның топырағын және өсімдік жамылғысын талдау.
  • Жануарлар дүниесі мен құстарын сипаттау.
  • Қорықтары мен ұлттық саябақтарын атау.
  • Неліктен «Қазақстанның Швейцариясы» атанғанын түсіндіру.

Сабақты бекіту

Сұрақ 1

Нені оқыдық?

Сұрақ 2

Негізгі мәселе не болды?

Сұрақ 3

Нені білдік?

Қорытынды және рефлексия

Рефлексия (ауызша немесе жазбаша): «Сарыарқаны әлемдік туризм орталығына айналдыруға менің көзқарасым...»

Сабақты бағалау: жеке және топтық жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып.

Үй тапсырмасы

Сарыарқаның орографиялық сызбасын түсіру.