Сарамандық орталық

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Асанхан Эльмира Сәндібекқызы

Сабақтың тақырыбы

Бауырымен жорғалаушылар

Сабақтың мақсаты

  • А: Бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ә: Оқушылардың бауырымен жорғалаушылар туралы ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын дамыту.
  • Б: Ептілікке, өз бетімен жұмыс істеуге және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен құрылымы

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдер

Түсіндірмелі Сұрақ-жауап Топпен жұмыс Ойын

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жаттығу

Алақанды созайық,

Сәттілік тілеп сабаққа,

Көңілді де болайық.

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Балықтар» және «Қосмекенділер» тақырыптары бойынша оқушылардың түсінігі сұралады. «Кубик» ойыны арқылы сұрақтар қойылып, жауаптары талқыланады.

3) Жаңа сабақ

Жануарлар бірнеше топқа бөлінеді. Оқушылармен бірге мына топтар қайталанады:

  • Құстар
  • Балықтар
  • Қосмекенділер
  • Бауырымен жорғалаушылар
  • Сүтқоректілер

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бауырымен жорғалаушылар». Сабақ барысында оқушылар төрт орталық бойынша жұмыс жасайды.

1-орталық: Дүниетану

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріп айту.

2-орталық: Ғылыми ізденіс

Бауырымен жорғалайтын қандай жануарларды білесің? Атап, олардың не істейтінін және немен қоректенетінін айту.

3-орталық: Сарамандық

Бауырымен жорғалаушылардың суретін салу.

4-орталық: Шығармашылық

Жан-жануарлар туралы мақал-мәтел немесе жұмбақ құрастыру.

Әр орталықтың жұмысы тыңдалып, пікір алмасу ұйымдастырылады.

Мұғалімнің түсіндірмесі

Бауырымен жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар және қолтырауындар жатады. Олардың екінші атауы — рептилиялар.

Рептилиялардың терісі қабыршақтан тұрады. Ал тасбақаның арқасы қатты сауытпен қапталған.

Кесірткелер туралы

  • Ең ірі топ — кесірткелер.
  • Көбіне төрт аяқпен қозғалады; әр аяғында бес тырнақты саусақ болады.
  • Жақсы көреді және жақсы естиді.

Сұркелес (сирек кездесетін түр)

Қазақстанда өте сирек кездеседі, Қызыл кітапқа енгізілген. Шабуыл жасар алдында аузын ашып, қатты ысылдап, құйрығын қозғалтады.

Жыландар туралы

  • Кесіртке сияқты аяқтары болмайды.
  • Көпшілігінің дене температурасы суық қанды жануарларға тән.
  • Көбісі улы болады.

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуы арқылы оқушылардың зейіні сергітіледі.

5) Қорытындылау

«Әр суретті өз орнына қой» ойыны арқылы тақырып қайталанып, негізгі ұғымдар бекітіледі.

6) Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, бағаланады.

7) Үй тапсырмасы

Тақырып мазмұнын қайталап, бауырымен жорғалаушылар туралы қосымша мәлімет жинау.