Түбір сөздер
Сабақтың тақырыбы
Жалғау
Мақсаты
- Қосымшалардың қызметі әр түрлі болатынын байқату және осы арқылы жалғау туралы түсінік қалыптастыру.
- Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету.
- Түбір сөзге қосымшалардың жалғану заңдылықтарын аңғарту, жалғаудың қызметі туралы білімді кеңейту.
- Сауатты жазу және байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
- Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Тірек сызбасы және онымен жұмыс
- Үлестірмелі карточкалар
- Суреттер
- Кесте
- Ой қозғау тапсырмалары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
4-жаттығу
Жаңылтпашты оқы. Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы бар сөздерді бір бөлек жаз.
Түбір сөздер
Көп, көк, ешкі.
Жалғауы бар сөздер
Шөпті, жейді.
Үй тапсырмасын қорыту
Тірек сызба арқылы 3 топқа тапсырма беріледі.
1-топ: Қосымша
Қосымша — сөздің түбіріне жалғанатын бөлік.
2-топ: Жұрнақ
Жұрнақ — сөздің мағынасын өзгертетін қосымша.
3-топ: Жалғау
Жалғау — сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
Негізгі ой
Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ және жалғау.
III. Қорытынды сабақ
Бүгін біз жаттығулар орындау арқылы жұрнақ пен жалғау туралы білімімізді жалғастырамыз және бекітеміз.
Ой қозғау: «Бүркіт» сөзімен жұмыс
Түбір сөз: Бүркіт
Бүркіт + -ші → бүркітші
Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді. Бұл — жаңа сөз жасайтын жұрнақ.
Бүркіт + -пен → бүркітпен
Мағына өзгермейді, сөз басқа сөзбен байланысады: Аңды бүркітпен аулайды. Бұл — жалғау.
Бүркіт + -ті → бүркітті
Бүркіт + -тер → бүркіттер
Ережелерді бекіту
Жұрнақ
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша.
жұмыс → жұмысшы
ойын → ойыншық
Жалғау
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
жұмыс → жұмыста
ойын → ойынға
Қорытынды тұжырым
Түбір сөзге қосымша жалғанғанда, кейде жаңа мағыналы жаңа сөз жасалады (жұрнақ), ал кейде сөз өзгермей, басқа сөздермен байланысуға дайын болады (жалғау).
Топтық және жеке жұмыс
1-жаттығу
Жұмбақты көшіріп жаз. Жалғауы бар сөздерді белгіле.
Жарықта жағалайды,
Қараңғыда жоламайды.
2-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
- Екі аққу көлде жүзіп жүр.
- Мәлік кітапханаға келді.
- Өзеннің жағасында қалың қамыс өсіп тұр.
- Мектеп басшысы сыйлықты Дәуренге табыс етті.
- Орманнан құстардың дауысы естілді.
3-жаттығу
Семантикалық картамен жұмыс. Қажетті жалғауды таңда.
| Сөздер | -ның | -нің | -дың | -дің |
|---|---|---|---|---|
| Астана | + | — | — | — |
| Ақтөбе | — | + | — | — |
| Алатау | + | — | — | — |
| Есіл | — | — | — | + |
Сергіту сәті: «Кім жылдам?»
Ән — -ға
Би — -мен
Қала — -да
Дала — -ды
Қалам — -тан
Кітап — -нан
Карточкамен жұмыс
Берілген сөздерге жалғау жалғап, сөйлем құрастырып жаз.
- Жамбыл — қазақтың ақыны.
- Әжемнің ауылында Айжан тұрады.
- Қалаға Арман кетті.
- Үсен ағашты арамен кесті.
- «Күй» сөзіне жалғау жалға.
- «Ағаш» сөзіне жалғау жалға.
Қосымша тапсырма
Бұлттың астында қалған жалғауларды жалғап жаз:
Сабақты бекіту
Сөзжұмбақ
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шеш.
- Төрт мезгілдің бірі: жаз
- Рәміздің бірі: елтаңба
- Ешкінің төлі: лақ
- Тиіннің қорегі: жаңғақ
- Тамақтанатын орын: асхана
- Киіз үйдің бөлігі: уық
Жауаптар тізбегі
жаз • елтаңба • лақ • жаңғақ • асхана • уық
Ойын: «Алма жинау»
Алма ағашының суретіне тапсырма жазылған алмалар ілінеді. Екі оқушы тақтаға шығып, жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді себетке «жинайды» және сөздердің байланысын анықтайды.
Кері байланыс
Оқушылар бүгін қандай жалғауларды қолданғанын және жұрнақ пен жалғауды қалай ажырататынын қысқаша айтады.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
122-бет, 5-жаттығу: -тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Бағалау
Оқушыларды сабаққа қатысуына және үй тапсырмасын орындауына қарай бағалау.
Автор туралы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №24 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі — Бигелдиева Айткүл Амантұрлықызы.