Жазықтық пен түзудің параллельдік белгісін ата

Геометрия (9-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы

Жалпы мақсаты

  • Тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу және бекіту.
  • Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру.
  • Белсенділікті арттыру, математикаға қызығушылықты күшейту.
  • Оқуға саналы қатынас, жауапкершілік және өз бетінше еңбектену мәдениетін қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

  • Құнды пікір айтуға және өзгенің ойын құрметтеуге үйренеді.
  • Сыныпта диалогтік әңгіме дамиды.
  • Топтық жұмыста еркін ойлауға және пікірін дәлелдеуге дағдыланады.

Туындайтын идеялар

Параллель және қиылысқан жазықтықтар туралы түсініктерін кеңейтеді.

Перпендикуляр жазықтықтармен танысады; түзулердің, жазықтықтардың және түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгілерін меңгереді.

Түзу мен жазықтық ұғымдарының өмірдегі қолданылуын түсінеді.

Сабақ барысы

1) Амандасу және психологиялық ахуал қалыптастыру 2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.

Оқушының іс-әрекеті

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

2) Сыныпты топқа бөлу 2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Геометриялық фигураларды таңдауға ұсынып, оқушыларды төрт топқа бөледі.

Оқушының іс-әрекеті

Таңдаған фигуралары бойынша 4 топқа бөлінеді.

3) Үй тапсырмасы және «Миға шабуыл» 4 мин

Сұрақтар

  1. Грек тілінен аударғанда «стереометрия» сөзі қандай мағына береді?
  2. Стереометрия нені зерттейді?
  3. Кеңістікте түзулер қалай орналасады?
  4. Айқас түзулер дегеніміз не?
  5. Жазықтық пен түзудің параллельдік белгісін атаңыз.
  6. Түзу мен жазықтықтың қиылысу белгісін атаңыз.
  7. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
  8. Кубтың неше жағы және неше қыры бар?

Оқушының іс-әрекеті

  • Топтан бір оқушы шығып, шардың ішіндегі сұраққа жауап береді.
  • Жауап беруге қиналса, өз тобынан көмекші шақыруға құқылы.
  • Өзін-өзі тексеру жүргізеді.

Назар аударатын дағды

Жауап беру кезінде дәлел келтіру, топтық қолдау көрсету және бір-бірінің пікірін тыңдау мәдениетін сақтау.