Менің Республикам өлеңімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы

Сырбай Мәуленов — «Менің Республикам».

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Тәуелсіз Қазақстан туралы білімді кеңейту.
  • Тәуелсіз Қазақстанды сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
  • Ізденімпаздық пен шығармашылыққа ынтаны арттыру.

Дамытушылық

  • Алған білімді шығармашылық және зерттеушілік әрекетпен ұштастыру.
  • Жинақтау дағдысын дамыту, тіл байлығын молайту.

Тәрбиелік

  • «Өнер алды — қызыл тіл» қағидасы арқылы шешендікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдісі, түрі, көрнекілігі

Әдісі

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Түрі

Шығармашылық-таным сабағы.

Көрнекілігі

  • С. Мәуленовтің портреті, шығармалары
  • Қазақстанның рәміздері
  • Мақал-мәтелдер жазылған кестелер
  • Үнтаспа

Сабақтың жүру барысы

  1. 1) Ұйымдастыру

    Сабаққа дайындық, сыныптың назарын шоғырландыру.

  2. 2) Үй тапсырмасын сұрау

    • Ж. Молдағалиевтің ар-ұят туралы өлеңінен ұнаған шумақтарды теріп жазып, жаттау.
    • Өлеңдегі ой-пікірлерге қатысты өз көзқарасын салыстырып айту.
  3. 3) Ой шақыру

    Үнтаспадан Бекболат Тілеухановтың орындауындағы «Менің елім» әнінен үзінді тыңдалады.

    Сұрақ-жауап

    — Балалар, тыңдаған әндерің не туралы?

    — Отан туралы.

    — Ал Отан дегеніміз не?

    — Отан — адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, отандастарымен бірге өмір сүретін мекені.

    — Біздің Отанымыз қалай аталады?

    — Қазақстан Республикасы.

    Осы тақырыпқа көптеген ақындар жыр арнаған. Солардың бірі — Сырбай Мәуленов.

  4. 4) Мағынаны тану

    Топтастыру: Сырбай Мәуленов туралы

    • 1922 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген.
    • «Өлеңдер» атты тұңғыш жинағы 1948 жылы жарық көрді.
    • «Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар», «Жол үстіндегі жалындар» т.б. қырыққа жуық жыр жинақтың авторы.
    • Балаларға арналған шығармалары: «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс», «Қорқақ торпақ» т.б.
    • А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, Ә. Науаи шығармаларын қазақ тіліне аударған.
    • «Құрмет белгісі» ордені, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970), «Халықтар достығы» (1982) және басқа марапаттарға ие болған.

    Өлеңмен таныстыру

    С. Мәуленовтің «Менің Республикам» өлеңі оқылады және талқыланады.

    Топпен жұмыс

    • 1-топ: өлеңді мәнерлеп оқу.
    • 2-топ: мағынасын ашу, негізгі ойды анықтау.
    • 3-топ: өлең құрылысына талдау жасап, көркем сөз айшықтарын табу.

    Екі жақты түсіндірме күнделігі

    Өзіме ұнаған шумақ

    Қызыл бұлттай көрсең қызыл гүлдерін,
    Көрсең ашық Алатаудың күндерін.
    Жерінде гүл, көгінде бір жүзген —
    Ұлан-байтақ Республикам — бұл менің.

    Несімен ұнады?

    Өлең туған елдің сұлулығын табиғат көріністері арқылы әсерлі суреттейді. Ұлы Отанымыздың ұшы-қиыры жоқ кең даласы, жасыл ормандары, егінге толы алқабы, суы мөлдір өзендері адамды таңғалдырмай қоймайды. Осындай Отанның барын мақтан ету — жүрекке жылу береді.

  5. 5) Ой толғаныс

    Еркін жазу (эссе)

    Тірек сөздерді пайдаланып шағын эссе жазу ұсынылады.

    Ұланымын ұлы елдің Туған өлке Таулы жер Хош иісті гүлдер Өзен Қазақстан Республика Кең Халық Елім Тіршілік Отан Ақын Ырыс Бақыт Болашақ

    Бес жолды қорытынды (синквейн)

    1-нұсқа: Қазақстан

    1. 1. Қазақстан
    2. 2. Егемен, тәуелсіз
    3. 3. Дамиды, өркендейді, гүлденеді
    4. 4. Қазақстан — егеменді, тәуелсіз мемлекет.
    5. 5. Мемлекет, ел

    2-нұсқа: Туған жер

    1. 1. Туған жер
    2. 2. Егемен, тәуелсіз
    3. 3. Дамиды, көркейеді, жаңарады
    4. 4. Туған жерім — Атырауым ардақты.
    5. 5. Өлке, ел

    3-нұсқа: Тәуелсіздік

    1. 1. Тәуелсіз
    2. 2. Аңсаған, тұғырлы
    3. 3. Нығаяды, жарияланды, қол жеткізді
    4. 4. Тәуелсіздік — еліміздің жарқын болашағы.
    5. 5. Еркіндік, азаттық

    Қорытынды ой

    «Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылуы — бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты». — Н. Ә. Назарбаев

    Алдағы уақыттағы басты міндет — білім алу. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сапалы біліммен ғана қаланады.

    Әнұран

    Сабақ соңында барлығы бірге Әнұран орындайды.

  6. 6) Бағалау

    Оқушылардың мәнерлеп оқуы, талдауы, топтық жұмыстағы белсенділігі және жазба жұмысы бағаланады.

  7. 7) Үй тапсырмасы

    • С. Мәуленовтің «Менің Рубликам» өлеңін жаттау.
    • Тақырыпқа байланысты сурет салу.