Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақтың тақырыбы
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті және зерттеу жолдары.
Білімділік
Оқушыларға ас қорыту үдерісінің маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері мен тілдің құрылысы және олардың қызметтерін түсіндіру.
Дамытушылық
Оқу мен тәрбиеде тиімді тәсілдерді қолдану, өмірмен байланысты күшейту, оқушылардың белсенділігін арттыру, қосымша материалдармен жұмыс істеуге дағдыландыру және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Тісті күту, тіс ауруларының алдын алу, гигиеналық талаптарды сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді қалыптастыру, аралас сабақ.
Сабақтың технологиясы
Оқу мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Көрнекілігі
«Тістің құрылысы», «Сілекей бездері» плакаттары, кестелер, сызбанұсқалар және интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
5 минут
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушыларды топқа бөлу: «Қызыл өрік» және «Қызыл алма» өлеңдерінің сөздерін үлестіру арқылы.
II. Үй тапсырмасын тексеру
20 минут
Жылдам сұрақ-жауап
- 1) Астың құрамындағы қай зат ағзадағы ұлпаларды қалпына келтіруге негіз болады?
- Нәруыз.
- 2) Адамда ас қорыту жолының ұзындығы қанша?
- 8–10 м.
- 3) Ас қорыту мүшелерін атаңдар.
- Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек.
- 4) Ас қорыту жолының қабырғасы неше қабаттан тұрады?
- 3 қабат.
- 5) Бір тәулікте ересек адамға қажет май мөлшері қанша?
- 100 г.
- 6) Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
- Тілде.
- 7) Негізгі энергия қоры қайсы?
- Көмірсу.
- 8) Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
- Жұтқыншақта.
- 9) Ас қорыту жолының кеңейген жері қайсы?
- Асқазан.
- 10) Ұзындығы 25 см, іші қуыс бұлшықетті мүше қайсы?
- Өңеш.
- 11) Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без?
- Ұйқы безі.
- 12) С дәруменінің басқаша атауы қандай?
- Аскорбин қышқылы.
- 13) Салмағы шамамен 1500 г болатын ең ірі без?
- Бауыр.
- 14) Ас қорыту жолында асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
- Ұлтабар (он екі елі ішек).
- 15) Тамақтануға ең қолайлы режим қандай?
- Күніне 4 рет.
III. Жаңа сабақ
Кезең
Мағынаны тану
I топ: «Қызыл өрік»
Тапсырмалар-
Суреттеу
Асқорыту мүшелерінің құрылысы.
-
Талдау
Асқорытуды зерттеу әдістері.
-
Зерттеу
Үш жұп сілекей безінің құрылысы.
-
Дәлелдеу
Ауызға түскен тағамның қорытылуы қалай жүретінін негіздеу.
-
Салыстыру
Сілекей құрамын қарын сөлінің құрамымен салыстыру.
-
Қорытындылау
Ауызға түскен ас шайналып ұсақталатынын, сілекейге шыланып жұмсаратынын және жұту — рефлекс арқылы іске асатын күрделі үдеріс екенін тұжырымдау.
II топ: «Қызыл алма»
Тапсырмалар-
Суреттеу
Сілекейдің құрамы мен қасиеттері.
-
Талдау
а) зерттеуші ғалымдардың еңбегі;
б) сілекей бөлінуінің күрделі рефлекстік және нейрогуморальдық реттелуі. -
Зерттеу
Сілекейдің құрамын зерттеу әдістері.
-
Дәлелдеу
Сілекей құрамындағы заттардың мөлшері әр безде әртүрлі болатынын түсіндіру.
-
Салыстыру
Сілекей құрамын қарын сөлінің құрамымен салыстыру.
-
Қорытындылау
Сілекей құрамындағы негізгі ферментті атау.
IV. «Мылқау сурет» тапсырмасы
Оқушыларға суреттер үлестіріледі. Әр топ берілген материал бойынша қысқаша түсіндірме жасайды.
I топ
Асқорыту мүшелерінің құрылысы.
II топ
Тілдің құрылысы.
V. «Фишбоун» әдісі
Мәселе
Ауыз қуысында ас қорыту қалай басталады?
Негізгі дәлелдер
- Шайнау тағамды механикалық ұсақтайды.
- Сілекей тағамды шылап, жұмсартады және бастапқы химиялық ыдырауды бастайды.
- Жұту — рефлекстік түрде жүретін үйлесімді, күрделі үдеріс.
Қорытынды
Ас қорыту ауыз қуысында механикалық (шайнау) және химиялық (сілекей ферменттері) әсер арқылы басталып, жұту рефлексімен жалғасады.
VI. Жаңа сабақты бекіту
Постер қорғау
10 минутЕкі топқа плакаттар мен маркерлер үлестіріледі. Топтар тақырып бойынша постер дайындап, қысқаша қорғайды.
VII. Бағалау
Оқушылардың жұмысы критерий бойынша бағаланады.
5 минутVIII. Үй тапсырмасы
Келесі тақырыптар
- Асқазанда астың қорытылуы.
- Асқазаннан астың он екі елі ішекке өтуі.
- Ұйқы безі секрециясының реттелуі.
- Бауырдың қызметі және өт жолдары.
Оқулық
«Адам физиологиясы» — Х. К. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева, 326–339-беттер.
Автор туралы
Аймақ
Қостанай облысы, Арқалық қаласы.
Мекеме және пән
Арқалық медициналық колледжі, биология пәні мұғалімі — Сыздықбаева Айымкүл Муратқалиқызы.
Қосымша
Слайдты жүктеу (қажет болған жағдайда).