Жаңа сабақты қорытындылау
Сабақтың мақсаты
Дамытушылық
Оқушыларға өз фотосуреттерін CorelDRAW бағдарламасы арқылы өңдеуді үйрету.
Білімділік
Оқушыларға жүйелік бағдарламалар ұғымын түсіндіру, негізгі мағынасын жеткізу.
Тәрбиелік
Оқушылардың жауапкершілігін арттырып, тәртіп пен ұқыптылыққа баулу.
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекіліктер
Тақта, плакат, дербес компьютер.
Сабақтың әдісі
Көрсете отырып түсіндіру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізу және орындалған тапсырмаларды талдау.
III. Жаңа сабақ: Қисықтарға айналдыру (өзгерту)
Контурларды редакциялау тұрғысынан қарағанда, ерікті пішінді фигуралардың (қисық объектілердің) графикалық примитивтерден негізгі айырмашылығы: қисық объектінің тораптарын әртүрлі тәсілмен өзгертуге болады, ал графикалық примитивтердің тораптары шектеулі тәсілдермен ғана редакцияланады.
Егер сурет салу құралымен салынған фигураның пішінін өзгерткіңіз келсе, алдымен оны қисыққа айналдыру қажет.
- Мәзір: Монтаж → Преобразовать в кривые (Convert to shapes).
- Қасиеттер панелі: объектіні белгілеп, дәл осы атаулы батырманы басыңыз (таңбасында төрт торапты шеңбер бейнеленеді).
Торапты меңзер пернелерімен дәл жылжыту
Белгіленген торапты жылжыту үшін пернетақтадағы меңзер пернелерін пайдалануға болады. Әр басқанда торап бірдей қадаммен ығысады. Бұл қадам Nudge Offset (Ығысу қадамы) өрісінде орнатылады.
Бұл тәсіл тораптарды өте дәл позициялауға мүмкіндік береді.
Басқарушы нүктелер және торап түрлері
Кейде сегменттердің сыртқы пішіні өзгермегендей көрінгенімен, басқарушы нүктелердің пайда болуы объектінің қисық екенін көрсетеді. Әдетте әр торапта екі басқарушы нүкте болады, ал шеткі тораптарда біреуден болуы мүмкін.
Сүйір торап
Басқарушы нүктелері бір-бірінен тәуелсіз. Қисық мұндай торап арқылы кез келген бұрышпен иіле алады.
Симметриялы торап
Тораптың екі жағына бірдей қисықтық береді. Көбіне симметриялы объектілерді редакциялауға қолайлы.
Тегістелген торап
Қисықтың иілісін жатық етеді және пішінді неғұрлым еркін басқаруға мүмкіндік береді.
Тегістелген тораптарға ауыстыру қадамдары
- Қисықтың барлық тораптарын таңдаңыз.
- Қасиеттер панелінде Сглаженный (Make Node Smooth) батырмасын басыңыз. Нәтижесінде сынық сызықтағы бұрыштар сегменттер арасындағы жатық ауысуларға айналады.
- Редакциялауды аяқтау үшін тораптарды және басқарушы нүктелерді жылжытып, иілістерді қалаған пішінге келтіріңіз.
Тапсырма
Төмендегі үлгі бойынша суретті салыңыз (мұғалім ұсынған нұсқа).
IV. Практикалық сабақ
Оқушыларды компьютерге отырғызып, практикалық жұмысты орындауды ұйымдастыру. Жұмыс барысында техника қауіпсіздігін еске салу.
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
Негізгі ұғымдарды қайталау: объектіні қисыққа айналдыру, тораптарды басқару, Nudge Offset арқылы дәл жылжыту, торап түрлері және тегістеу.
VII. Үй тапсырмасы
Сабақты оқып келу, негізгі командалар мен торап түрлерінің айырмашылықтарын қайталау.