Достарымызда ертіп келейік қане
Төрлет, құтты Жаңа жыл!
Бұл мерекелік кештің мақсаты — оқушыларға Жаңа жыл туралы түсінік беру, мерекені татулықпен, достықпен, бірлікпен қарсы алуға баулу. Сондай-ақ әр оқушының бойындағы өнерін ортаға салып, бір-бірінен үйренуіне мүмкіндік жасау. Ең бастысы — көңілді өткізудің кілті өз қолымызда екенін ұғындыру.
Кештің барысы
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші
Армысыздар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2-жүргізуші
Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
Өлең жолдары
1-жүргізуші
Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмеген де арманда,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
2-жүргізуші
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Шырша жанындағы құпия
1-жүргізуші
Элеонора, байқайсың ба, бұл кеште сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қапта не бар екен?
2-жүргізуші
Мүмкін, бұл — достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы шығар. Қане, ашып көрейік. Әлішер, сен ашып көрші. Біртүрлі қорқып тұрмын: мыстан болып жүрмесін.
1-жүргізуші
Жарайды, ашайын. Келісейік: екеуміз «1... 2... 3...» дегенде екі қаптың аузын бірге ашамыз.
2-жүргізуші
Келістім. Ендеше бастайық.
Сахналық ескерту: қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады.
Клоундардың келуі
Клоун 1
Сәлем саған, туған ел!
Кешті көңілді өткізу — өз қолымызда ғой. Ендеше, достарымызды ертіп келейік!
Клоун 2
Сәлем, сәлем, достар!
Ой, ой, ой... сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп созбайық — оларды ертіп келейік!
Сахналық көрініс
Клоундар сахнадан шығып кетеді, артынан сынып оқушылары келеді. Музыка ойналады: оқушылар шыршаны айналып, Жаңа жыл әнін орындайды.
Мерекелік кештің ашылуы
1-жүргізуші
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық, Жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем әнмен, сәнді бимен өткізуге атсалысайық!
2-жүргізуші
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Ән:
_____________________________
Құттықтау сөзі
1-жүргізуші
Армысың, аманбысың, жаңа жырым, Жаңа жылым!
О, менің Жаңа жылым!
Ұлу жылы келгенде сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзін саналы ұрпақ тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы — мектеп директоры ______________ ағайға ұсынамыз.