Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру

Информатика (7-сынып)

Бұл топтамада 7-сыныпқа арналған информатика пәні бойынша сабақ тақырыптары, сабақ мақсаты мен ұйымдастыру кезеңдері берілген.

Топтамадағы сабақ тақырыптары

  • 1

    Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

  • 2

    Компьютерде жұмыс істеудің бастамасы. Тінтуірмен жұмыс істеу

  • 3

    Орта мерзімді жоспар

  • 4

    Рефлексивті есеп

Сабақтың тақырыбы

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларын меңгерту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлау дағдыларын дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • Электронды оқулық

Сабақ кезеңдері

Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау

Сабақтың өту барысы

1) Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топқа мақал-мәтелдің бір бөлігі беріледі.

  • Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
  • Оқу — инемен құдық қазғандай.
  • Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
  • Ағасы бардың жағасы бар.

2) Сабақтың негізгі бөлімі

Мұғалімнің іс-әрекеті

ББҮ кестесі

Оқушыларға «Білемін — Білгім келеді — Үйрендім» (ББҮ) кестесі таратылады.

«Кішкене сандықша» кестесі

«Не? Қайда? Қашан?» сұрақтарына негізделген кесте таратылады.