Ауа - райы өте дымқыл, әрі ыстық
Ұйымдастыру кезеңі
Ойын басталар алдында қонақтарды қарсы алып, қатысушыларды ойынның мақсаты мен шарттарымен таныстырамыз. Сондай-ақ әділқазы алқасы сайланып, бағалау талаптары алдын ала нақты айтылады.
- Қонақтарды қарсы алу
- Ойынның мақсатымен таныстыру
- Ойынның шарттарымен таныстыру
- Әділқазы алқасын сайлау
Негізгі бөлім
1-айналым
СұрақОйыншыларды ортаға шығарып, таныстырамыз. Бұл — тау жоталары қоршаған жазық аймақ. Ол Азиядағы Үндіқытай түбегінде орналасқан. Ауа райы өте ылғалды әрі ыстық. Елдің орталық бөлігінде көлемі үлкен болғанымен суы тым тайыз көл бар — Сап көлі. Жер аумағы: 181 000 км². Халқы: 7 000 000.
Сұрақ: Жердің атауы қалай?
Жауап: Кампучия
2-айналым
СұрақОйыншыларды ортаға шақырып, таныстырамыз. Бұл көлікте двигатель (мотор) болады. Оның қуаты сонша — толық тиелген жүгі бар 40 вагонды жалғыз өзі сүйрей алады. Бу күшімен жүретіндіктен, қазір оны паровоз деп атайды.
Сұрақ: Шамамен 170 жыл бұрын өздігінен жүретін мұндай вагонды қалай атаған?
Жауап: Локомотив
3-айналым
СұрақОйыншыларды ортаға шақырып, таныстырамыз. Бір кезде бұл жануар жер шарының көптеген бөлігінде мекендеген деуге болады. Қазір олар тек Азия мен Африканың кейбір өңірлерінде ғана сақталған. Оларды еті, майы және басқа да пайдалы мүшелері үшін жергілікті тұрғындар да, аңшылар мен саудагерлер де аулап, санының күрт азаюына себеп болып отыр.
Сұрақ: Бұл қай жануар?
Жауап: Мүйізтұмсық
4-айналым
Жүлдегерлер кезеңіЖүлдегерлермен ойын. Қазақ аңыздарында диірмен тасын теуіп сындырыпты деп дәріптелетін, аты аңызға айналған құс айтылады. Тепкісінің қаттылығы сонша — ол тепкен құсының топшысын үзіп жібереді екен.
Сұрақ: Бұл қай құс?
Жауап: Ителгі
Супер ойын
Қорытынды кезеңде қатысушыларға күрделірек сұрақтар беріледі. Жауаптары дұрыс болған жағдайда, алған ұпайларына қарай сыйлықтар және бас жүлде табысталады.
1) Көлденеңінен
Осы адамның ғажайып тағдыры туралы талай роман, өлең-жыр жазылған. Ол Францияның Жерорта теңізіндегі Корсика атты шағын аралында дүниеге келген. 1804 жылы өзін Францияның императоры деп жариялаған.
Сұрақ: Бұл адамның есімі кім?
2) Тігінен
Бұл сөз әрқайсымыз үшін айрықша ыстық: баршамыздың кең байтақ, ғажайып еліміз, кіндік кескен жеріміз. Ақын Ж. Жабаев та оны жырларында ерекше тебіреніспен суреттеген.
Одағым десем ойыма
Шалқыған шалқар көл түсер.
Көк жиегі бал-құрақ,
Көкорай шалғын жер түсер.
Сазға біткен өрімтал,
Бағында сансыз бұлбұлы
Шырқап салған үн түсер...
Көркі көгал нуындай,
Кіршіксіз көлдің қуындай,
Одақ боп өскен ел түсер...
3) Тігінен
Бұл — француз тілінде «өлі табиғат» деген мағынаны білдіретін сөз. Адамды қоршаған заттарды бейнелейтін сурет туындысы қалай аталады?
Ескерту: Сөз 27 әріптен тұрады, сондықтан 9 әрпін ашуға рұқсат беріледі.