Timer - таймер (жоспар презентация түрінде)Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Timer — таймер (жоспар презентация түрінде).

Сабақтың мақсаты

А) Білімділік

  • Оқушыларды Visual Basic бағдарламалау ортасындағы Timer компонентінің қасиеттерімен таныстыру.
  • Әр компоненттің жеке қасиеттерімен жұмыс істеуді үйрету.
  • Компонент қасиеттерін өзгерте отырып, оларды бағдарламалауда тиімді қолдануға дағдыландыру.

Б) Дамытушылық

  • Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Қызығушылығын оятып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

С) Тәрбиелік

  • Ізденімпаздыққа, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу.
  • Мұқияттылыққа және өзіне сенімді болуға баулу.

Күтілетін нәтиже

Оқушы білуі қажет

  • Timer компонентінің негізгі және қосымша қасиеттерін.
  • Бағдарламалау барысында компонент қасиеттерін орнату және өзгерту тәсілдерін.

Оқушы меңгеруі керек

  • Timer компоненті қасиеттерін ажыратып, орынды қолдану.
  • Қасиеттерді бағдарламалау логикасына сай дұрыс және үйлесімді пайдалану.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, сызу.

Оқыту әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіре баяндау.
  • Сұрақ-жауап.
  • Көрнекілік.
  • Кері байланыс.
  • Миға шабуыл.
  • Проблемалық жағдай туғызу.
  • Ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу.

Қолданылатын техникалық құралдар мен көрнекіліктер

  • Компьютер
  • Проектор
  • Слайд
  • Тақта
  • Кітаптар
  • Таратпалар

Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі

  • Дінисламов. Visual Basic бағдарламалау ортасы.
  • Ермеков. Есептеуіш техника негіздері.

Қосымша

  • А. Е. Анисимов, В. В. Пупышев. Сборник заданий по основаниям программирования.
  • Н. Т. Ермеков. Есептеуіш техника негіздері.
  • Должнеков, Мозговой. Visual Basic 7 .NET. Москва, 2003.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу; сыныптың тазалығын бақылау; қауіпсіздік ережесіне сай сыртқы келбеті мен құрал-жабдықтарының талапқа сай болуын қадағалау.
  2. 2 Оқушыларды түгендеу және журналға белгілеу.
  3. 3 Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың құрылымымен таныстыру.

II. Өткен материалды қайталау

  1. 1 Алдыңғы сабақтардың негізгі мазмұнына қысқаша шолу (компьютерде орындалған бағдарламаларды тексеру).
  2. 2 Сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау және сын тұрғысынан бағалау (әділдікке тәрбиелеу).
  3. 3 «Түрлі-түсті шаршылар» ойыны арқылы бекіту.

Назар аударатын тұстар

Сабақ барысында негізгі екпін Timer компонентінің қасиеттерін түсінуге, оларды орнату және өзгерту арқылы бағдарламаның жұмысын басқаруға, сондай-ақ оқушылардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталады.