Ойлы бала озар

Сабақтың тақырыбы

Ойлы бала озар

Құндылық

Білімге ұмтылу

Қасиеттер

  • Мейірімділік
  • Ізеттілік
  • Бірлік
  • Ынтымақ және т.б.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды ойлануға, көп ізденуге жетелеу.

Ресурстар

  • Мультимедиялық тақта
  • Оқулық
  • Дәптер
  • Мақал-мәтелдер
  • Дәйексөздер
  • Маркер
  • Ақ қағаз
  • Гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Тыныштық сәті

Жетелеуші мәтін

Балалар, ыңғайланып отырыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңді сезініңдер және оны босаңсытыңдар. Дене тынығады, сана сергиді.

Енді өз денелеріңді көз алдыңа елестетіңдер: басыңнан бастап, аяқ ұшыңа дейін. Жақсы мен жаманды ажырата алатындай болып, бойымыз жеңілдеп қалғандай сезіледі.

Өзімізді ақ түсті көбелекке ұқсатып көрейік: қанатымыз пайда болып, ұшып бара жатқандаймыз. Айналаға көз салсақ, тек әдемі әрі жақсы нәрселер көрінеді. Құлпырған гүлдер, олардың маңында мейірімді балалар. Әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды.

Жер бетіндегі барлық тіршілік бізге сыбырлағандай: «Жақсы бала бол!» Ал төбемізде нұр шашқан алтын күн: «Жақсы болу — өзіңнен» деп тұрғандай.

Иә, шынында да, көбелектей әдемі болып, әдемі ортада жүргің келеді. Біз барлығымыз да жақсы екенімізді сезінеміз. Жақсы болу өзімізден басталатынын түсінгендейміз.

Енді бір, екі, үш деп, бұрынғы қалпымызға қайта оралайық.

Негізгі ой

Ойлы бала озар — ойланатын, ізденетін, білімге ұмтылатын оқушы әрдайым алға басады.