Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс
Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс (8-сынып)
Тақырыбы
«Ғажайып қоржын»
Мақсаты
- Халық педагогикасының элементтерін үйренуге бағыттау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
- Ертедегі ата-бабаларымыз қолданған өлшем бірліктерінің атауларын қазіргі атауларымен байланыстыру.
Ойынның жабдығы
- Қоржын (оюланған қалта).
- Асықтар.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Математикадан басталмақшы
«Ғажайыптар алаңы».
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар —
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Математика туын көтеріп,
Жар салайық әлемге:
Көрмегендер — көріңдер,
Естімегендер — естіңдер.
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңізді
Математика кешіне.
Кешігіп, одан қалмаңдар!
2-жүргізуші
Қымбатты жас, білім сүйгіш достар!
Сіздерді бүгін математикадан өтетін «Ғажайып қоржын» ойынын тамашалауға шақырамыз.
Қатысушыларды іріктеу
Ойын шарттары алдын ала тақтаға ілінеді. Қатысушыларды таңдап алу үшін алдын ала есептер беріледі: дұрыс шешкен оқушылар ойынға қатысады.