Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: дара және күрделі сын есім
Бұл сабақта оқушылар дара және күрделі сын есім туралы білімдерін бекітеді, ал олардың меңгеру деңгейі түрлі тапсырмалар арқылы тексеріледі. Сонымен қатар оқушылардың ой-өрісі, сөздік қоры, танымдық қабілеті дамытылады; тілді құрметтеуге, сауатты жазуға және тиянақтылыққа тәрбиеленеді.
Сабақ сипаттамасы
- Типі:
- Білім, дағды және іскерлікті қолдану сабағы
- Түрі:
- Дәстүрлі емес
Әдістер мен көрнекіліктер
- Топпен жұмыс
- Ой қозғау
- Іздену жұмыстары
- Сұрақ-жауап
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
- Психологиялық дайындық: топқа бөлу, бір-біріне тілек айту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы бойынша орындалған жұмыстар талданып, қателер түзетіледі.
III. Өткенге шолу
Сұрақ: Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (8)
Сұрақ: Соның нешеуімен біз таныспыз? (4)
Капитандар сайысы
Зат есім
- Дара және күрделі
- Негізгі және туынды
- Жалқы және жалпы
- Жекеше және көпше
- Ережелік белгі: тәуелденеді, септеледі, жіктеледі.
Етістік
- Дара және күрделі
- Негізгі және туынды
- Болымды және болымсыз
- Ережелік белгі: жіктеледі, етістіктің шақтары бар.
Сын есім
- Дара және күрделі
- Негізгі және туынды
Сан есім
- Дара және күрделі
- Негізгі және туынды
- Есептік және реттік
IV. Жаңа сабақ: сын есім
Дара сын есім
Негізгі
Мысалдар: ақ, қара.
Туынды
Мысалдар: таулы, әдемі, ақшыл, тұзды.
Күрделі сын есім
Қос сөзді
Мысалдар: қап-қара, қып-қызыл, сап-сары.
Тіркес сөзді
Мысалдар: кең маңдайлы, ұзын бойлы, қошқыл қоңыр.
Ескерту
Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.
V. «Біліміңді шыңда»
- 1 Тіркес сөзді сын есімдер ойлап, таңдаған сөздеріңмен екі сөйлем құрастыр.
- 2 Туынды сын есім ойлап, екі сөйлем құрастыр.
- 3 Қос сөзді сын есім ойлап, екі сөйлем құрастыр.
Қосымша сұрақ: Біз қандай сын есім түрлерін атап өтпедік?
- Қарсы мәндес сын есімдер (антонимдер)
- Мағынасы жуық сөздер (синонимдер)
VI. Оқулықпен жұмыс
19-жаттығу
Мәтінді көшіріп жазып, сын есімдерді тауып, астын сыз.
21-жаттығу
Берілген сын есімдермен сөйлем құрастыр.
VII. «Тездет, бірақ қателеспе»
Мақал-мәтелдер сайысы: берілген тірек сөздер арқылы мақал-мәтел құрастыр.
1-топ
- Тірек үлгі: «Қандай? ... сөз — жарым ырыс.»
- Әдепті — әдепсіз
- Арлы — сорлы
- Аппақ — жұмсақ
2-топ
- Тірек үлгі: «Қандай? бас — екі аяққа маза бермейді.»
- Жақсы — жаман
- Үлкен — кіші
3-топ
- Тірек үлгі: «Қандай? адам ұялшақ келеді, қандай? адам сұраншақ келеді.»
- Ақылды — ақымақ
- Жаңа — көне, ескі
VIII. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Берілген суреттерге қарап жұмбақ құрастыр: қарбыз, қалам, аяқ киім.
IX. «Ойлан, тап»
Тест тапсырмасы орындалады.
X. Қорытындылау
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Негізгі ұғымдарды жинақтап, мысалдар арқылы бекіту.
XI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау сапасына, белсенділігіне және дәлелді жауаптарына қарай бағаланады.