Сұрақтарға жауап алып мәтін құрастыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім
Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы
Сымбат ЖМ, бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы
«В» дыбысы мен әрпі
2-сағат
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Қолданылатын құралдар
Дидактикалық материалдар, Әліппе-плакат, жұмбақтар, суреттер, кеспе әріптер, құрастырмалы көрнекілік, «Kinder Surprise» (құпия жұмыртқа).
Әдіс-тәсілдер
Топтастыру (кубизм), құрастыру, көрнекілік, сұрақ-жауап, «В» әрпіне байланысты өлең жаттау.

Сабақтың мақсаттары

  • Оқушыларды жаңа әріппен таныстыру, буын арқылы талдау жасату.
  • Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді сын тұрғысынан меңгерту.
  • Қиялын дамыту.

Сабақтың құрылымы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: назар аударту, топқа бөлу.
  2. Өткен сабақты қайталау және бекіту.
  3. Жаңа тақырыпты ашу («В» дыбысы мен әрпі).
  4. Оқу, жазу, сөздік жұмыс және шығармашылық тапсырмалар.
  5. Қорытындылау және үй тапсырмасы.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

II. Өткен сабақты сұрау

Тақырыптық сұрақ: «Дыбыс нешеге бөлінеді?» Оқушылар дауысты және дауыссыз дыбыстарды топтастырады, буын туралы білімін бекітеді.

I топ

Дауысты дыбыстар

II топ

Дауыссыз дыбыстар

III топ

Буындар

Соңғы сабақта танысқан әріп: «Һ». Ол — дауыссыз дыбыс, және сөздің ортасында ғана айтылады.

«Х» дыбысымен салыстыру жұмысы жүргізіледі.

«Қаһарман» мәтіні тізбектей оқылып, мазмұны әңгімеленеді. Бағандағы сөздерге дыбыстық талдау жасалады.

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

III. Жаңа сабақ: «В» дыбысы мен әрпі

1) Қызығушылықты ояту: «құпия жұмыртқа»

Мұғалім «Kinder Surprise» ашып, ішінен 1 және 3 сандары мен жұмбақ жазылған қағазды шығарады:

Қосылса 1, 3 арасы,
Қандай әріп, қарашы?

Шешуі: «В» дыбысы.

2) Көрнекілікпен жұмыс

Сурет бойынша талдау: ваза, вокзал, велосипед сөздері қандай әріптен басталады?

  • «В» дыбысының баспа және жазба түрлері көрсетіледі.
  • «В» дыбысының дауысты ма, дауыссыз ба екені дәлелмен түсіндіріледі.
  • Буындармен танысып, буыннан сөз құрастыру және оқу жұмысы жүргізіледі.

3) Есеп арқылы жасырын сөзді табу

Оқушылар амалдарды орындап, әріптерге сәйкестендіру арқылы жасырын сөзді анықтайды:

Амалдар

  • А: 9 − 4 = 5
  • Л: 2 + 7 = 9
  • О: 3 + 4 = 7
  • З: 10 − 6 = 4
  • В: 6 + 4 = 10
  • К: 6 − 6 = 0

Сәйкестендіру

10 — 7 — 0 — 4 — 5 — 9

В — О — К — З — А — Л

Шыққан сөз: «ВОКЗАЛ»

4) Суретпен жұмыс: «Вокзалда»

  1. Суреттен нені көріп отырсыңдар?
  2. Вокзалда болғандарың бар ма?
  3. Вова вокзалға не үшін келді?
  4. Оған әкесі не әкелді?

Сұрақ-жауап арқылы оқушылар мәтін құрастырады. Әліппеден мәтінді мұғалім оқиды, кейін оқушылар тізбектей оқиды. Таныс емес сөздер анықталып, мағынасы түсіндіріледі.

5) Жұмбақтар арқылы бекіту

Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп.

Жауабы: вагон

Бір атым бар — құлын болып тумаған,
Құнан болып өспеген.

Жауабы: велосипед

«Қош келдіңіз» — ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып сап тұрады.

Жауабы: вокзал

6) Дәптермен жұмыс: көркем жазу

  • «Vv» әрпін бір жолға көркем етіп жазу.
  • Тақтада көрсету, ауада жазу, дәптерге түсіру.

Сергіту сәті

Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік.
Ұшақты біз жасадық,
Инеліктен үйреніп,
Зу-зу етіп ұшалық.

7) Сөздік диктант

Диктант сөздері: ваза, хат, гауһар, вагон, хабар, витамин.

Бір сөзді таңдап, дыбыстық талдау жасату.

Қорытынды және үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Дәптердегі жазуды аяқтап келу.

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың жаңа әріп бойынша түсінігі, оқу-жазу дағдысы және дыбыстық талдау қабілеті сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады. Қажет материалдар слайд арқылы жүктеледі.