Байланыс жүйесі
№5 көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернаты, мемлекеттік коммуналдық мекеме
Пән
Технология
Мұғалім
Жоламанова Қуанышкүл Әбілдақызы
Сабақтың мазмұны
Сабақтың тақырыбы
Байланыс жүйесі. Пошта қызметі
Сабақтың мақсаты
Байланыс құралдарын және олардың даму кезеңдерін түсіндіру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Міндеттері
- Білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылық: алған білімді өмірде қолдану дағдысын қалыптастыру, қоғамға бейімдеу.
- Коррекциялық: есте сақтау, көру, еркін сөйлеу қабілетін дамыту; саусақтың ұсақ моторикасын және тіл дамытуды жетілдіру.
Құрал-жабдықтар мен әдістер
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, оқу құралдары, конверттер.
Әдістер
Баяндау, сұрақ-жауап, бекіту, сюжеттік рөлдік ойын.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күннің көзі ашылып, Көкке шуағын шашып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге — Тәрбиенің басы ғой. Ал, қанеки, бәріміз Сәлем дейік үлкенге!
«Сәлеметсіздер ме, қонақтар!»
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл» сұрақтары
- 1.Бағдаршам деген не?
- 2.Қандай түрлері бар?
- 3.Жолда жүру ережелері туралы не білдік?
Үй тапсырмасын бекіту
- 1.Бағдаршам түстері нені білдіреді?
- 2.Жол жүру ережесі велосипед жүргізушісіне қатысты ма?
- 3.Жүргінші жолағы туралы айтыңдар.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Ерте кезде ата-бабаларымыз жазда жайлауда, қыста қыстауда болып, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Ол уақытта байланыс салт аттылар арқылы жүзеге асқан. Кейін алғашқы оқыған зиялы азаматтар білім мен ғылымның қажеттілігін түсініп, оны халыққа насихаттай бастады.
Мысал (Ы. Алтынсарин)
Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзді ашып-жұмғанша Жылдам хабар алғызды.
Бұл жолдарда телеграф пен телефон сияқты байланыс құралдарының мәні меңзеледі.
Байланыс құралдарымен танысу
I. Почта арқылы байланыс (механикалық)
- Хат
- Газет-журнал
- Сәлемдеме (посылка)
II. Электромагниттік толқындар арқылы байланыс
Ақпаратты алысқа жеткізуде электр және радиотолқындар мүмкіндігін пайдаланатын құралдар.
1) Телеграф
Термині: грек тілінен tеле — «алыс».
Тарихы: 1832 жылы орыс ғалымы П. Л. Шиллинг телеграфты ойлап тапты. 1837 жылы АҚШ-та Морзе аппараты жасалды (нүкте мен сызыққа негізделген код).
Фототелеграф: сурет пен графиктерді жіберуге арналған.
2) Телефон
Термині: фон — «дыбыс», теле — «алыс».
Тарихы: 1876 жылы америкалық ғалым А. Г. Белл ойлап тапты.
Қызметі: сөйлеу ақпаратын алыс қашықтыққа жеткізу.
3) Радио
Термині: латынша radio — «сәуле таратамын».
Тарихы: 1895 жылы 7 мамырда орыс ғалымы А. С. Попов ойлап тапты. Сондықтан 7 мамыр — Радио күні.
Қызметі: хабар таратқыш антенна арқылы әртүрлі хабарламаларды жеткізу.
4) Теледидар (телевизия)
Термині: «видео» — «көремін».
Қызметі: объектінің кескінін көру және дыбысты есту.
Тарихы: 1925 жылы Англияда Джон Бэрд алғаш жасап, қолданды. 1938 жылы Ленинградта, 1939 жылы Мәскеуде телевизия тұрақты хабар тарата бастады.
Спутниктік байланыс: 1965 жылы «Молния-1» байланыс спутнигі ұшырылып, орбитада қабылдағыш станциялар орнатылды.
Байланыс құралдарының даму кезеңдері
| Кеше | Бүгін |
|---|---|
| Телеграф | Факс |
| Телефон | Ұялы телефон |
| Радио | Заманауи хабар тарату құралдары |
| Теледидар | Жазық экран, плазмалық, 3D |
| ЭЕМ | Компьютер |
IV. Сергіту сәті
Көзге арналған жаттығулар орындалады (шар және доппен жаттығу).
V. Жаңа сабақты пысықтау
Сюжеттік рөлдік ойын: «Хат жазып, пошта арқылы жіберу»
- 1.Оқушылар досына хат жазады.
- 2.Хатты конвертке салып, сыртындағы деректерді толтырады.
- 3.Пошташы газет-журнал таратумен қатар, оқушыға келген хатты (конвертті) тапсырады.
- 4.Оқушылар хатты оқып, жауап хат жазады.
- 5.Жауап хатты конвертке салып, оны да толтырады.
- 6.Жазылған хатты пошта жәшігіне салады.
- 7.Пошташы жәшіктен хаттарды алып, пошта бөлімшесіне тапсырады.
Пошта қызметтері
Хат
Жазбаша хабарлама жіберу.
Банкомат
Қаржылық операцияларға қолжетімділік.
Ақша аударымы
Қаражатты жіберу және қабылдау.
Сәлемдеме
Жіберілімдер мен заттарды тасымалдау.
INSERT әдісі
Оқушылар жаңа ақпаратты белгілеу және түсінуді жүйелеу үшін INSERT әдісін қолданады.
VI. Қорытынды және кері байланыс
Сұрақ-жауап
- Біз қандай сюжеттік-рөлдік ойын ойнадық?
- «Хат жазып, поштамен жіберу» ойыны ұнады ма?
- Енді поштамен хат жіберіп, қызметкерлермен сөйлесе аламыз ба?
Қорытынды ой
Пошта және байланыс құралдары адамның қашықтықтан қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Бүгінгі сабақта біз олардың түрлерін, қызметін және даму жолын қарастырдық, ал рөлдік ойын арқылы тәжірибе жүзінде бекіттік.
Үй тапсырмасы
Тақырып: «Байланыс жүйесі. Пошта қызметі» — материалды толық қайталап, мазмұнын айтып келу.