Наурыз келді жылқы

Жыл басы — Наурыз

Балалар қолдарында бәйшешек пен қызғалдақ ұстап, әуенмен кіріп, би билейді.

Жүргізуші сөзі

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні — Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш сыйласын!

Көрініс

Музыка ойналады

Наурыз қыз бір топ қыздарымен бірге сахнаға шығады.

Наурыз қыз:
Мен — Наурыз қызбын,
Қыздарым да қасымда.
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға,
Келген жылым жақсылыққа басташы,
Қуанышпен әр үйдің
Босағасын атташы!

Тыңдаңыздар, енді, халқым,
Жыл иесі — жылқыны!

Жыл иесі — Жылқы

Музыка ойналады

Есік жақтан жылқы шығады.

Жылқы:
Мен — жылқы жылы боламын,
Жалғаймын ұлу жылды.
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,
Балдырған тобының қонағымын.

Жүргізуші:
Қош келдің, жылқы жылы! Еліме бақыт жылы, құт жылы, бейбіт жылы болып кір — төрге шық!
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады.

Ән

«Наурыз келді»

Жылқы:
Балалардың Наурызға арнаған тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.

Наурызға арналған тақпақтар

Ислам

Салтымен ата-бабамның
Жаңғырды қайта заманым.
Жаңа жыл басы — бұл Наурыз,
Қайырлы болсын қадамың!

Тақпақ

Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады,
Бар жақсылық болады.

Тақпақ

Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым,
Төрлет, бізге нұр беріп,
Шуақ шашып, ақ жүзің.

Тақпақ

Наурыз айы — гүл айы,
Наурыз айы — нұр айы.
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы.

Қыдыр ата — ақ бата

Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңілмен, жарқын ниетпен Қыдыр ата келеді. Қане, қарсы алайық!

Музыка ойналады

Барлығы: Қош келдіңіз, Қыдыр ата!

Қыдыр ата (бата):
Жарқыра, жайна, Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке-байлық — дәм-тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын.
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!

Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!

Айтыс — суырыпсалма өнер

Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындармен қатар айтыс өнері де ерекше орын алады. Қане, балалардың арасында суырыпсалма айтысқа түсетіндер бар ма екен? Болса, ортаға шықсын — өнерін тамашалайық.

Диас

Айналайын, халқым-ай,
Құтты болсын салтың-ай!
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын-ай.

Айтсам егер жаңылтпаш,
Жаңыласың, қалқам-ай.
Жұмбағымды шеше алмай,
Қиналасың, қалқам-ай.

Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі.
Біліміңді көрейін,
Жауабын кім біледі?

Айсана

Айналайын, халқым-ай,
Болсын жүзің жарқын-ай.
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай.

Қына тасқа бітеді,
Ақыл басқа бітеді.
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді.

Жұмбақтың жауабы

Жыл басы — Наурыз.