Сән үлгісі

Іс-шараның тұжырымдамасы

Бұл материал 7-сынып оқушылары арасында өтетін «Ал, қанеки, өнерлі қыздар!» атты сайысты ұйымдастыруға арналған. Мақсат — қыз балалардың білімін, өнерін, ұлттық салт-дәстүрге қатысты түсінігін кеңейтіп, жауапкершілік пен ұқыптылықты қалыптастыру.

Түрі

Сайыс

Көрнекілігі

Слайдтар, тәрбие–білім–өнер туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар

Мақсаты

  • Білімділік: қыз балалардың пәндік білімін және салт-дәстүрге қатысты танымын тексеру, толықтыру.
  • Дамытушылық: қабілеті мен дарынын танытуға мүмкіндік беру, жан-жақтылығын көрсету.
  • Тәрбиелік: өнерге құштарлықты арттыру, жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулу, мәдени өресі жоғары азаматша болып қалыптасуына ықпал ету.

Сайыстың кезеңдері

  1. 1 Ашылуы
  2. 2 Бағдарламамен таныстыру
  3. 3 Әділқазылар алқасын сайлау
  4. 4 Сайыс
  5. 5 Қорытынды бөлім

Ашылу сөзі (жүргізуші/мұғалім)

Қайырлы күн, қадірлі қонақтар! Сіздерді алда келе жатқан 8 наурыз — Халықаралық аналар мен қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, өмірлеріңізге қуаныш тілейміз. Бүгін 7-сынып қыздары арасында өтетін «Ал, қанеки, өнерлі қыздар!» сайысын тамашалауға шақырамыз.

Сырдың елі өнерліге кенде емес,
Өр тұлғалар сараланған сан жетпес.
Өнер қуған мына жастар сайыста,
Бәйге алған екіталай болса егес.

Арулардың бал бұлағын көл етер,
Сол үшін де сел нөсерін селдетер.
Сусындатып білім атты бұлақтан,
Ұлы өнерге табынатын пенде етер.

Ендеше, бүгін өз бағын сынап көретін аруларды қошеметпен ортаға шақырайық!

Бағдарлама

1) Таныстыру

Сайысқа қатысушы арулар өзін өлең шумақтарымен және/немесе видеоролик арқылы таныстырады. Өзін ұстауы, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы — барлығы бағаланады.

2) Өз өнерін көрсету (ән немесе би)

Кел биле, кел биле, бал дәурен,
Бағында базарлы өмірдің.
Көктемдей құлпырып жас дәурен,
Шалқытсын күйлерін көңілдің.

Қатысушылар ән айтып немесе би билеп, өз өнерін көрсетеді.

3) «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап)

«Біреу білмегенді біреу білер» — ұлттық дәстүрлерге байланысты сұрақтарға кезек берейік.

  • Қазақтың салт-дәстүрлерін ата.
  • Төрт түлікті ата.
  • Киіз үйдің сүйектерін атап бер. Олар қандай ағаштан жасалады?
  • Беташар деген не?
  • Сыбаға ұғымын қалай түсінесің?
  • «Қызға қырық үйден тыйым» дегенді қалай түсінесің?
  • Қазақтың ұлттық тағамдарын ата. Қай тағамды дәмді әзірлейсің?
  • Ерулік деген сөзді қалай түсінесің?

4) Ою-өрнек қиып, үйлестіріп жапсыру

Шеберлерім, өнер тамсын қолыңнан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қыздар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.

Сайыскерлер ою оюып, оны параққа үйлестіріп, жапсыру (желімдеу) арқылы композиция жасайды.

5) Түйме қадау

Түймем түсіп қалғанда,
Жалынбаймын жалғанда.
Ине, жіпті аламын,
Орнына әкеп тағамын.

Қатысушылар берілген уақыт ішінде түймені ұқыпты әрі берік етіп қадайды.

6) Сән үлгісі

«Адам көркі — шүберек, ағаш көркі — жапырақ». Бұл кезеңде қыздар шаш үлгісін әсемдеп, соған сай киім үлгісін таныстырады. Бірге тамашалайық.

7) Салат дайындау

Ойлы қызы халқымның — Отаным деп туады,
Бос жібермей әр күнін — ана жолын қуады.

Бұл кезеңде қыздар аналарынан үйренген салат түрлерін дайындап, ұсыну мәдениетін көрсетеді.

Қорытынды бөлім

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жарысқанда,
Әрдайым бір-біріңнен қалыс қалма.
Береді әділқазы әділ баға —
Құлақ салып тыңдап тұр, алыстама.

Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарып, қатысушыларға әділ бағасын береді. Жеңімпаздар мен қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}