Формативті бағалау

Сабақ тақырыбы

Жұбан Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы» өлеңі.

Оқып үйренудің негізгі мақсаттары

  • Өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясын ашуға дағдыландыру.
  • Танымдық ойлау дағдыларын дамыту.

Оқу нәтижелері

  • Тапсырмалар арқылы өлеңнің тақырыбы мен түйінін анықтайды.
  • Мазмұнын түсініп, талдайды.
  • Өзін-өзі бағалауға үйренеді.

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері

Өзара бөліп оқыту Мюнстенберг Дөңгелек үстел Әңгіме кестесі Ойланудың төрт қалпағы

Сыныптағы өзара әрекеттестік

  • Топтық және жұптық жұмыс.
  • Талантты, дарынды оқушыларға арналған кеңейтілген тапсырмалар.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау

  • Формативті бағалау (жұлдызшалар, стикерлер).

Жиынтық және критерийлік бағалау

  • Жиынтық бағалау.
  • Критерийлер бойынша бағалау.
  • Өзін-өзі және өзара бағалау.

Сілтемелер мен негізгі дереккөздер

Оқулық

Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай. «Әдебиет» (5-сынып). Алматы: Атамұра, 2005.

Интернет материалдары

www…kz (қосымша материалдар).

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, сыныптың көңіл күйін анықтау.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • Топқа бөлу (түрлі түсті геометриялық фигуралар арқылы).
  • Бағалау парақшаларын тарату.

II. Үй тапсырмасын қорытындылау (конверт-сұрақ)

  1. Қ. Аманжолов кім?
  2. Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
  3. Қ. Аманжоловтың бойында тағы қандай өнері болды?
  4. Ұлы Отан соғысы кезінде ақын еліне қандай қызмет етті?
  5. Оның қандай шығармаларын білесің?

Қосымша тапсырма: «Дауыл» өлеңін жатқа айту (1, 2, 7-шумақтар).

III. Жаңа сабақ

Өлеңмен таныспас бұрын, ар-ұят туралы не білеміз? Кім қалай ойлайды? Осы сұрақ аясында «Дөңгелек үстел» әдісі бойынша ойларды жазып, ортақ талқылау жасаймыз.

Өлеңмен жұмыс (өзара бөліп оқыту)

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Бөлімдерге ат қою.
  • Бір шумақты өлең құрылысына талдау.

«Әңгіме кестесі» стратегиясы

Авторы Жұбан Молдағалиев
Өлеңнің мазмұны не туралы? Ар-ұят, адамдық өлшем, жауапкершілік туралы.
Өлеңге арқау болған кейіпкерлер бар ма? Иә, қария мен жігіт.
Тартыс неден басталады? Жігіттің әрекеті мен оған берілген моральдық баға төңірегінен.
Жігіттің жасаған қылығы дұрыс па? Талқылау арқылы дәлел келтіріп жауап береді.
Қария неге ашуланады? Ар мен ұятқа қайшы қылыққа қарсылық білдіргендіктен.
Өлең қалай аяқталады? Оқушылар қорытынды ойды анықтап, түйін жасайды.

Топтық тапсырма: «Ойланудың төрт қалпағы»

Қызыл қалпақ

Өлең тақырыбы бойынша сұрақтар құрастырады.

Сары қалпақ

Өлеңдегі кейіпкерлердің бейнесін нақтылап сипаттайды.

Жасыл қалпақ

Қарт пен жігіт арасындағы диалогты мазмұндап, рөлге бөліп айтады.

Көк қалпақ

«Арыңды жасыңнан сақта» мақалының мәнін ашып, қорытынды жасайды.

Жазылым жұмысы

«Ар — адамдық өлшемі» тақырыбына эссе жазу. Алғаш болып аяқтаған оқушы өз жұмысын оқиды.

Мюнстенберг әдісі

Оқушыларға әріптер тізбегінен мағыналы сөздерді тауып белгілеу ұсынылады.

ВншарашождананемоеабыройжаотатақлдпұятқунамыстижадаллджылоллдмектеплдопарызмолпджігерметлдлоқушыолапЖұбаншгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімлещсадалолвщкміндетлдыжонаданпнущжігітзелнәтижедвщшқарияопгпедаадамвщшуақытжхухқайратушыгшжүрекмазжылущлдхтәжкүшбезхкндтдтқуатырщсенімдыушзпталапдлаплптөзімдмдтабиғат

Дұрыс жауаптар

Ар, ождан, абырой, атақ, ұят, намыс, адал, жыл, мектеп, парыз, жігер, оқушы, Жұбан, зейін, бала, білім, міндет, надан, жігіт, нәтиже, қария, адам, уақыт, қайрат, жүрек, жылу, күш, қуат, сенім, талап, төзім, табиғат.

Кері байланыс (рефлексия)

  • Сабақ не туралы болды?
  • Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
  • Қандай қиындық болды?
  • Қиындықты қалай және ненің көмегімен еңсердің?

Қорытынды ой

Сабақ соңын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өсиет сөзімен түйіндеуге болады:

«Ойланудың да, ұялудың да бәрі — қайырлы іс.

Адамдардан ұялыңыз. Алладан ұялыңыз. Өзіңізден-өзіңіз ұялыңыз.

Кімнен ұялсаңыз да, бұл қылығыңыздың бәрі де қайырлы болмақ.»

Бағалау қорытындысы

Бағалау парақшалары бойынша нәтижелер шығарылады: топтық бағалау, бірін-бірі бағалау және өзін-өзі бағалау ескеріледі.