Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы Ақбота балабақшасының тәрбиешісіБорашева Гулжан ДогдырбаевнаБілім беру саласы

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі: Борашева Гүлжан Доғдырбаевна

Білім беру саласы

Шығармашылық

Бөлімі

Сурет салу

Тақырыбы

Шырша шамдарын жағамыз

Мақсаты

А) Үйрету

Жаңа жыл мерекесіндегі әсерді еске түсіре отырып, берілген суретті жалғастыруға үйрету: саусақпен және таяқшаға оралған мақтамен (бастырма) шырша ойыншықтарын салу.

Ә) Дамыту

Саусақ қимылдарының икемділігін арттыру, ұсақ моториканы дамыту.

Б) Тәрбиелеу

Әсемдікті сезіне білуге, сурет салуға деген қызығушылықты қалыптастыруға тәрбиелеу.

Қажетті материалдар

Көрнекі құралдар

  • Демонстрациялық материалдар

Құрал-жабдықтар

  • Түрлі түсті бояулар
  • Әр балаға арналған таяқшаға оралған мақта (бастырма)
  • Үлестірмелі материалдағы фон (шырша бейнесі бар қағаз)
  • Қол сүрткіштер
  • Су

Сөздік жұмыс

жарқыраған поролон бастырма

Сабақтың барысы

1) Әңгімелесу және қызығушылық ояту

Тәрбиеші

Балалар, сендерге Жаңа жыл мерекесіндегі шырша ұнады ма? Сол мерекедегі ойыншықтар ұнады ма?

Балалар

Жаңа жыл мерекесінде не көргендері және нені ұнатқандары туралы әңгімелейді.

2) Сюжеттік кіріспе

Тәрбиеші

Ойын бұрышындағы ойыншықтар Жаңа жыл мерекесін өткізбек болыпты. Ал Аққала орманда жүріп, кешігіп қалыпты да, жарқыраған шамдары мен ойыншықтары бар шыршаны тамашалай алмай қалыпты. Ол әдемі шыршаны көргісі келеді. Сондықтан сендерден мына жасыл шыршаны әдемі ойыншықтармен безендіріп берулеріңді сұрайды. Көмектесеміз бе, балалар?

Балалар

Көмектесеміз.

3) Негізгі бөлім: сурет салу тәсілі

Жұмыс нұсқаулығы

  1. Алдарыңдағы қағаздағы шырша бейнесін мұқият қараңдар.
  2. Саусақты немесе таяқшаға оралған мақтаны бояуға малып алыңдар.
  3. Бастырма жасау арқылы шыршаға ойыншықтарды (дөңгелек, нүкте, іздер) түсіріңдер.
  4. Әркім өзіне ұнаған түстерді таңдап қолдана алады.

Педагогикалық қолдау

  • Қиналған балаларға бағыт-бағдар беру.
  • Балалардан: «Қандай ойыншық салып жатырсың?» деп сұрау.
  • Түстерді үйлестіріп қолдануға ынталандыру.

Балалар

Тәрбиешінің көрсетуі бойынша саусақпен және бастырма (мақта, поролон) арқылы шыршаға ойыншықтардың бейнесін салады.

Балалар

Өздері салған ойыншықтары туралы қысқаша әңгімелейді.

4) Қорытынды және рефлексия

Тәрбиеші

Жұмыс аяқталған соң суреттерді жинап, Аққалаға жібереміз.

Тәрбиеші

Аққала сендердің суреттеріңе қатты қуанып, өзін Жаңа жыл кешінде жүргендей сезінетінін айтты.

Балалар

Жұмыстарының сәтті шыққанына қуанады.

Өлеңмен аяқтау

Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Қыс мезгілінде Жаңа жыл мерекесі болатынын.

Игереді

Шыршаны ойыншықтармен безендіруге болатынын.

Меңгереді

Саусақпен және таяқшаға оралған мақтамен (бастырма арқылы) ойыншықтарды салу тәсілін.