Жалғыздық - бір тәңірінің сыбағасы, Өршілдікпен лағнетке болған душар
Абай Құнанбаев
Шайтан
(М. Ю. Лермонтовтан)
Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны,
Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны.
Өткен жақсы дәурені ойында оның,
Сондағы не көргені, не қылғаны.
Ол күнде нұрлы бейіш ішінде екен,
Өзі де періштелер түсінде екен.
Жылы жүзбен жұлдыздар жылжып жүріп
Сәлемдесер, сөйлесер күшінде екен.
Ол күнде көз жетпесті көп көздеген,
Түгел білем қайда екен деп іздеген.
Жапа - жалғыз білімнен бақ шықпайды,
Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген.
Босағасы кең еді, төрде орын тар,
Төрде жалғыз отырмақ ойында бар.
Жалғыздық — бір тәңірінің сыбағасы,
Өршілдікпен лағнетке болған душар.
Құдайым шайтансың деп, лағнет етті,
"Лағнетпен" де қор бола қалман депті.
Алладан қарғыс алған кеудесінен
Сүю мен сол сағатта сенім кетті.
Адаммен сонан бері болды кекті,
Өлмес, өшпес өзіне көзі жетті.
Не қылғанмен қуанар болмаған соң,
Несіне жер дүниеге пәле септі?
Тиянақ, сенім, сүю көрмей өтті,
Алаң - жұлаң етіпті, тентірепті.
Алласыз дос таппады, сыр таппады,
Неше мың жыл кезсе де төңіректі.
Жаманды күнде азғырса, жан демейді,
Жақсы жаннан кей - кейде таяқ жейді.
Күнінде неше бүлік шығарса да,
Еңбегі жанған жан боп сүйінбейді.
Сүйтсе де жамандыққа бір тоймаған,
Антұрғандық қылығын еш қоймаған.
Баяғы алдау, ескірген кәрі иттікпен
Не қылдым, не бітірдім деп ойлаған.
"Ақылға, өмірге де адам кенде,
Өлмес өмір, қайрат, күш — бәрі менде.
Күнінде жүз қуанып, күліп жүрген
Осы адам уайымсыз не еткен пенде?"...
Абай – қазақтың ұлы данасы. Оның философиялық көзқарастары
Ұлы ғалым Ибн-Теймианің (р.а.) оқушысы Ибн ал-Кайимнің(р.а) кітабы
Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыс
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы
Исламдағы мінез-құлық
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу туралы
Нобель силығының лауреаттары атағын иеленген әлемдік жазушылар
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
Мифтік көркемдік қызметі
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Ги де Мопассан Жалғыздық
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
60-ЖЫЛДАРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНДА БОЛҒАН ӨЗГЕРІСТЕР
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы