Сап - сап көңілім сап, көңілім

Абай Құнанбаев

Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?
Сап-сап көңілім сап, көңілім!
Сабыр түбі – сары алтын.
Сабыр қылсаң жайыңды
Білер ме екен бакзатым?
Көңіл аулап сөз айтар
Арадағы тілхатым;
Ағын судай екпіндеп,
Лайы жоқ суатым.
Ауру да емес, сау да емес,
Құрыды әл-қуатым.

Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сана қылма бекерге!
Сана қылғанмен пайда жоқ.
Дүние даяр өтерге,
Ажал даяр жетерге,
Хош, қыз алмын қойнына,
Бейнет көрмей, дәулет жоқ,
Әлі барып кетерге,
Оныменен бойыңа
Иман, дәулет бітер ме?
Адалдың сатсаң арамға,
Құдай қабыл етер ме?
Қыз сүйеді мені деп,
Оған көңіл көтерме!

Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сарқа берме санасын.
Бәрін өзің білсең де,
Әлі-ақ өзің танасың.
Өртенесің, жанасың,
Өз-өзіңнен бейнетке
Өз басыңды саласың.
Қай мезгілде тайғыздың
Аюдайын ағасын.
Қатыны мен қалашын?
Қарсақ жортпас қара адыр,
Қарамай неге шабасың?
Сонда тәуір болса ма,
Ұстап ап біреу сабасын?
Киіміңді тонасын,
Елге де күлкі боласың.

Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Жәй жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма?

Қыз іздесең, қалың бер,
Мұным ақыл болмай ма?
Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда да көңіл толмай ма?

Егер адал жүргенде,
Тіпті жолың болмай ма?



Ұқсас жұмыстар

Абай - лирик ақын
ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ АБАЙЫ
Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер
Сөз тіркесінің түрлері
Абай Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Алғашқы Абайтанушылар
«Абайтану» пәні бойынша лекция тезистері
1921-1925 жылдардағы қазақ баспасөзі
Абай
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Көйлектік маталар тобына арналған реляциондық мәліметтер қорын құру және өнімдер сапасын эксперттік бағалау
КӘСIПОРЫН ӨНIМIНIҢ САПАСЫН СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ
Сапарғали Бегалин – балалар жазушысы
Сапа менпеджмент жүйесінің элементтері
Менің көңілім жұрттың қамында емес, бір басқа
Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
 Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - сапалы білім кепілі
Ешкімі жоқ кемпір жалғыз сиырын сауып, сүтінен май жасап, оны көрші дүкенге өткізіп күнелтеді екен
Ас адамның арқауы демекші асымыздың, азық - түліктеріміздің сапалы болуына мән беруіміз қажет