Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы (сайыс)Мақсаты

Тақырыбы

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы (сайыс)

Мақсаты

Оқушылардың ұстазға деген құрметін арттыру; білімін, өнерін, тапқырлығын және шапшаңдығын көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Слайд
  • Мақал-мәтелдер
  • Топшамалар
  • Қима суреттер

Барысы

Кіріспе бөлім

Жүргізуші

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға.
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл-Фараби, Омар Хаям, Абай да.

Жүргізуші

Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Армысыздар, қазылар алқасы және сайыскерлер!

Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға.
Қошеметтеп, асыл халқым, қол соғыңдар,
Сайысқа қатысушы тұлғаларға.

1-жүргізуші

Қатысушы ұстаздарды сүйікті шәкірттерімен бірге ортаға шақырайық!

Ұстаздарым, биік тұлға, байсалды,
Құшақ жайып, өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты, жарқын тілек білдіріп,
Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршаңды!

Жүргізуші

Кім жеңеді байқауда — үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Қазы алқасы, атыңды ақта,
Жүйріктерге арман мен бақыт жолда.

Байқаудың қазылар алқасымен танысыңыздар: .....................

Жүргізуші

Ұстаз — жан, анамдай аялаған,
Көлеңкелі бәйтерек, саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңнен,
Шәкірттерден өз бақытын аямаған.

Сайыс бағдарламасы

  1. Таныстыру
  2. Өнерлі өрге жүзеді (өнерлерін көрсету)
  3. Білім инемен құдық қазғандай (сурет құрастыру, тапсырмалар орындау)
  4. Тапқыр бол да, шешен бол (жұмбақ шешу, шешуін 3 тілде айту, шешуіне байланысты мақал айту)
  5. Сұрақ–жауап

Жүргізуші

Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алады.

Осы өлең жолдарына қосылып, ұстаздар мен олардың білімді, тапқыр шәкірттері арасындағы сайысты бастайық.

1-кезең. Таныстыру

Әр сынып жетекшісі шәкіртімен бірге өз қалауы бойынша таныстырады.

Жүргізуші

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.

2-кезең. Өнерлі өрге жүзеді

Қатысушылар өнер көрсетеді.

Жүргізуші

Суарып ізгі тілекпен,
Жаныма менің гүл еккен.
Қиындықты бірге көрген,
Қымбатсың маған, ұстазым!

3-кезең. Білім инемен құдық қазғандай

  • Сурет құрастыру
  • Тапсырма орындау
  • Құрастырған сурет бойынша есеп құрастыру немесе әңгіме құрау

Жүргізуші

Дана да басын иетін,
Дарынды шексіз сүйетін.
Жадымда мәңгі жүретін,
Қымбатсың маған, ұстазым!

4-кезең. Тапқыр бол да, шешен бол

Жұмбақты шешу, шешуін үш тілде айту және жауабына байланысты мақал-мәтел келтіру.

1-жұмбақ

Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.

Жауабы: білім

2-жұмбақ

Өзім дыбыстардан тұрамын,
Әріптермен таңбаланып жазыламын.

Жауабы: сөз

3-жұмбақ

Бірде төмен, бірде шығып жоғары,
Сөз сөйлесең, қозғалыста болады.

Жауабы: тіл

4-жұмбақ

Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.

Жауабы: ұстаз

5-жұмбақ

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.

Жауабы: мектеп

6-жұмбақ

Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді.
Сол кезде қаулап,
Бәйшешек өнеді.

Жауабы: жаңбыр

Жүргізуші

Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің — мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.

5-кезең. Сұрақ–жауап

№1

  1. Дыбыс нешеге бөлінеді?
  2. Қосуды немен және қалай тексереміз?

№2

  1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Азайтуды қалай тексереміз?

№3

  1. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Көбейтудің компоненттерін және қасиеттерін ата.

№4

  1. Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?

№5

  1. Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз?

№6

  1. Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Белгісіз бөлгішті қалай табамыз?

Жүргізуші

Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің — мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.

Қорытынды

Байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.