Сабақ - өсімдіктің жалғастырушы мүшесі

Күнделікті жоспар (Биология, 6-сынып)

Сабақ

№15

Тақырып

§16. Жапырақ

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға жапырақтың құрылысын; пішініне, жапырақ тақтасына байланысты формаларын; жүйкелену түрлерін және сабаққа орналасу ерекшеліктерін таныту.

Түрі

Түрлендірілген сабақ

Сабақтың міндеттері

  • Өсімдіктің вегетативті мүшелері — тамыр, сабақ, жапырақ — ерекшеліктерін оқушылардың бұрынғы білімдеріне сүйеніп ажырата білу.
  • Теориялық білімді практикамен және өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын түсіндіру.

Қолданылатын көрнекіліктер

Жапырақтың суреттері, кеппешөптер (гербарий).

Сабақтың барысы

Тапсырмалар жұптық жұмыс, талдау және қорытындылау кезеңдері арқылы орындалады.

Жұптық формат

Үй тапсырмасын тексеру: «Екі жақты күнделік»

Оқушылар карточкалар арқылы жұптарын табады: бір карточкада — ұғым, екіншісінде — анықтама.

  1. Тамыр — өсімдіктің вегетативті, жер асты мүшесі.
  2. Тамыр жүйесінің түрлері: шашақты, кіндік.
  3. Бүршік — бастапқы өркен.
  4. Сабақ — өсімдіктің жалғастырушы мүшесі.
  5. Өркен — жапырағы мен сабағы бар жас сабақ.
  6. Сабақтың ішкі бөлімдері: қабық, камбий, сүрек.

Негізгі бөлім

I кезең

Қызығушылықты ояту: «Тірек суреттер символдары»

Суреттер мен анықтаушы сөздер арқылы өсімдіктің құрылымы құрастырылады. Осы жұмыс арқылы «Жапырақ» тақырыбына өтеді.

Анықтаушы сөздер

  • жер үсті
  • жер асты
  • жалғастырушы

Суреттер

  • тамыр
  • сабақ
  • жапырақ
  • гүл
II кезең

Мағынаны тану: «Кубизм»

Әрбір жұп тапсырманы орындап, нәтижесін қорғайды. Жұмыс барысында жапырақтың құрылымы мен әртүрлі белгілері жүйеленеді.

1) Жапырақтың құрылысы мен қызметі

Анықтау.

2) Жапырақ тақтасының пішіні, өсуі, тіршілік ету ұзақтығы

Зерттеу.

3) Жапырақтың жүйкеленуі

Талдау.

4) Жапырақтың сабаққа орналасуы

Дәлелдеу.

5) Жай және күрделі жапырақтар

Жіктеу және мысал келтіру.

6) Сабақ пен жапырақтың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Салыстыру.

III кезең

Толғаныс: «Бес жолды тұжырым»

Тақырып: «Жапырақ»

  1. 1.Жапырақ
  2. 2.Жай, күрделі
  3. 3.Ауаны тазартады, жүйкеленеді, көбеюге қатысады
  4. 4.Жапырақ — жер үсті мүше
  5. 5.Вегетативті мүше

Үй тапсырмасы

1) Салыстыру тапсырмасы

Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылықтарын салыстырып, қорытынды жасаңыз.

2) Шығармашылық тапсырма

  • Жапырақтың құрылысын бейнелеу.
  • Жай және күрделі жапырақтардың суреттерін салу.
  • Жапырақтың сабаққа орналасу түрлерін суретпен көрсету.