Тіл жүйрігі

Кіріспе сөз

Мұғалімнің сөзі: Біздің Отанымыз — байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады, әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен бірге сіңіп, өмір бойы жүрекке жол табады.

Ана сүтімен дарыған қазақ тілінің құдіреті — көркемдігі мен өрлігінде, орасан зор байлығында.

Өлең жолдары

Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім — мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім — мен де бірге өшемін!

Бүгін «Ана тілім — қанатым» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-бөлім. Оқушылардың өлеңдері

1-оқушы

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім!

Туған тілім — анам тілі — өз тілім!

Туған тілім — далам тілі — өз тілім!

2-оқушы

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

3-оқушы

Сүйемін туған тілді — ана тілін,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

4-оқушы

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

5-оқушы

Ана тілі — бала шағым, өркенім.

Ана тілім — болашағым, ертеңім.

Ана тілім — сайын далам, жер көгім,

Ана тілім — арман атым, өрнегім.

6-оқушы

Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман күлмес ем.

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем!

7-оқушы

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, мың тірілді елім.

Арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау — парызым бүгін менің.

2-бөлім. Ән және «Ұйқасын тап» ойыны

Ән: «Ананың тілі»

Ойын: мақал-мәтелдердің жалғасын табу. Оқушылар кішкене парақшалардағы мақал-мәтелдердің ұйқасын тауып, толықтырады.

Басы Жалғасы
Ана тілін білмейтін адам… надан.
Бал тамған тілден… у да тамады.
Тіл тас жарады… тас жармаса — бас жарады.
Тіл — ақылдың… өлшемі.
Аз айтып сұйылтып… көп айтып қойылтары жоқ.
Ақынның тілі қылыштан өткір… қылдан нәзік.
Ана тілім — … дана тілім.
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі… қайырады.
Ат тұяғы алтын — алысқа алып баратын, адам тілі алтын — алысты сұрап табатын.

3-бөлім. Мақал-мәтелдер айтысы және көрініс

Көрініс: сахнада киіз үйдің ішкі көрінісі. Ішке бала кіреді.

Диалог

Бала

Сәлеметсіз бе, ата? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.

Ақсақал

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген. Қалың қалай?

Ақсақал

«Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» деген. Төрге шығыңыз.

Ақсақал

«Жылқы кісінегенше, адам сөйлескенше». «Бір көрген — таныс, екі көрген — біліс». «Мыңның түрін білгенше, бірдің атын біл». Танысып отырайық.

Ақсақал

«Қонаққа кел» демек бар да, «кет» демек жоқ. «Қырықтың бірі — Қыдыр», келіп тұрыңыз.

Ақсақал

«Қуыс үйден құр шықпа» деген, алыңыз.

Бала

«Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал» деген. Қане, бата беріңіз.

Бата

Туған тілім қандай әсем,

Тас бұлақтай тазалығың.

Асқақтай бер, ана тілім,

Ұйытқысы боп барлық тілдің!

Ән: «Ана тілім»

Қорытынды

  • Тіл — байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз.
  • Тіл — ұлттық намысымыз, арымыз, барымыз.
  • Тіл мерейі — ел мерейі.
  • Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!

Осымен сынып сағатымыз аяқталды.