Балалар Рамазанның бізге дайындаған жұмбағы бар екен тыңдайықшы
Ертеңгіліктің мақсаты
- Балалардың мерекеге деген қызығушылығын арттыру.
- Күз туралы білімдерін бекіту.
- Күзгі ерекшеліктерімен таныстырып, таңғажайып сәттер арқылы әсерлендіру.
Сәлемдесу және кіріспе
Армысыздар, ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгілдерінің ең тамаша кезеңдерінің бірі — «Армысың, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жұмбақ
Бұлттар төгіп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар?
Күзде күн салқындайды, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа қайтады, жаңбыр жиі жауады, өнім жиналады.
Ән
«Жапырақтар» әні орындалады.
Күз айларының ханшайымдары
Балалар, күз мезгілінде неше ай бар? Ендеше ортаға күз айларының ханшайымдарын шақырайық.
Қыркүйек (Адия)
Шоғы толған гүлдей
Жарқыраған алтын күз.
Сайраңдап, күліп-ойнап,
Қонаққа келді Қыркүйек.
Қазан (Фатима)
Қазан айы — молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке қол созып,
Құстар ұшып барады.
Қараша (Айсана)
Құстар қайтты, қол созды,
Сұр бұлт жапты аспанды.
Жапырақ түсіп, гүл солды,
Қараша ызғары басталды.
Тағы бір жұмбақ және «Ара» биі
Жұмбақ
Аузы жоқ, тісі бар,
Тындырар ісі бар.
Біздер үшін гүлдерден
Ерте-кеш бал жинар.
Дұрыс айтасыңдар! Аралар жаз мезгілімен қоштасып, сендерге өз билерін сыйға алып келіпті. «Ара» биін тамашалайық.
«Ара» биі орындалады.
Рақмет, аралар!
Жапырақтардың түсі және ойын
Балалар, жапырақтар жаз мезгілінде қандай түсті болады? Жасыл.
Ал күзде қандай түске айналады? Сары.
Ойын: «Жапырақтар жинау»
Ойын шарты: сары және жасыл жапырақтарды екі бөлек себетке жинау.
Ән
«Түстер» әні орындалады.
Күз ханшайымының келуі
(Есік қағылады.) Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Біреу есік қағып тұрған сияқты.
Күз ханшайымы
Сәлем, менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік — тақпақтарымызды айтайық.
Балалардың тақпақтары
Жаннель
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Олжас
Бір уыс дән шаштың да,
Қап-қап қауын алдық.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Ясмин
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Милана
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Анель
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзің елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Қорытынды сұрақ
Балалар, күзде жиі-жиі не жауады? Жаңбыр.
Атырау қаласы, КМҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай-балабақшасы.
Мусабаева Эльмира Сабыргалиевна — екінші кіші топ тәрбиешісі.