Қазақша рефераттар

Қазақстан композиторларының оркестрге арналған алғашқы шығармаларын ата

6 сынып музыка пәнінен тест

1. Қазақтың ең алғашқы драмасы қалай аталады?
а Қозы көрпеш - Баян сұлу
ә Еңілік - Кебек
б Қыз Жібек
в Менің досым

2. Халық таланттарының бірінші слёті қашан өткізілді?
а 1919
ә 1934
б 1917
в 1965

3. Алғашқы қазақ драма театры қай жылы ашылды?
а 1934ж
ә 1926ж
б 1919ж
в 1917ж

4. К. Байсеитованың кім?
а күйші
ә термеші
б қазақтың бұлбұлы
в актер

5. Ш. Жинеқұлова кім?
а биші
ә әнші
б күйші
в термеші

6. Қазақтың алғашқы кәсіби аспаптық музыкаларын ата.
а салт - дәстүр әндері
ә күй, ән, терме, жыр
б концерт, этюд, соната, романс
в төрт түлік малға арналған әндер

7. Домбыра мен фортепианоға арналаған алғашқы шығармаларды кімдер жазды?
а Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Сүгір
ә А. Жұбанов, Н.Тлендиев, М.Қойшыбаев, М.Әубәкіров, Қ.Ахмедияров
б Қорқыт, Ықылас
в Ж. Қаламбаев, Т.Момбеков

8. Қылқобызда орындалатын күйлер
а Адай, Балбырауын
ә Салтанат, Сылқылдақ
б Серпер, Аман бол шемем, аман бол
в Ұшардың ұлуы, Ерден

9. Екпіннің негізгі түрлерін ата.
а темп, ырғақ
ә жай, орташа, жылдам
б октава
в нота сызығы

10. Қазақстан композиторларының оркестрге арналған алғашқы шығармаларын ата.
а Желдірме, Той, Сарыарқа
ә Аман бол шемем, аман бол, Балбырауын
б Серпер, Түрмеден қашқан
в Адай, Салтанат, Сауыншы

11. Қазақстан композиторларының арасында ең алғаш қай композитор симфониялық поэма жазды?
а Ғазиза Жұбанова
ә Қапан Мусин
б Ахмет Жұбанов
в Нұрғиса Тлендиев

12. С. Мұхамеджановтың халық аспаптары оркестрі үшін жазған симфониялық шығармаларын ата.
а Толғау. Қазақстан, Құдаша
ә Жарқын жастық, Достық жолымен
б Балқадиша, Қыз қуу, Домбыра туралы баллада
в Құдаша, Дайрабай, Жігер

13. Е. Рахмадиевтің қандай симфониялық күйлері бар?
а Құдаша, Дайрабай
ә Толғау, Қазақстан
б Жарқын жастық, Достық жолымен
в Ақсақ құлан, Жігер

14. Меццо - форте ол -
а ақырын
ә орташа, күшпен
б ақырын, жай
в қатты, күшті

15. Форте ол -
а ақырын
ә қатты, күшті
б орташа, күшпен
в ақырын

16. Фортиссимо - ол
а бірте - бірте күшейте
ә өте күшті, қатты
б кенеттен күшейтіп
в бірте - бірте жайлата

17. Халық аспаптары оркестрі үшін арнайы шығармалар жазған қандай Қазақстан композиторларын ата?
а Н. Тлендиев, М. Қойшыбаев, Б. Жұманиязов, К. Күмісбеков
ә Л. Хамиди, Қ. Мусин
б Құрманғазы, Дина, Сүгір
в Е. Брусиловский, В. Великанов,
С. Мұхамеджанов

18. Ең алғашқы фортепиано қай елде жасалды?
а Италия
ә Франция
б Германия
в Қытай

19. Мазмұны әр түрлі бірнеше бөлімді аспапты шығарма.
а соната
ә симфония
б сюита
в поэма

20. Бірнеше дыбыстың бір
уақытта, бірдей дыбыс қатарында естілуі.
а хор
ә октава
б темп
в унисон

21. Еркін жазылатын шағын шығарма.
а сюита
ә эскпромт
б вариация
в симфониялық поэма

22. Дыбысты қалауынша созып тұруы.
а крещендо
ә фермата
б реприза
в синкопа

23. Ойнақы, жеңіл, әзіл - қалжың музыкасы.
а скерцо
ә симфония
б сюита
в концерт

24. Ерекше сазды әуен.
а күй
ә баллада
б сюита
в кантилена

25. Дауыс пен аспаптың белгілі дыбыс ауқымы.
а темп
ә регистр
б хор
в сопрано