Екінші айналым
Тәрбие сағатының деректері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы.
Тақырыбы
Еңбек түбі – береке
Мақсаты
- 1 Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге және оларды дұрыс айта білуге үйрету.
- 2 Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
- 3 Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік
Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақтар.
Жүру барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақал-мәтелдер адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа да тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан халық «сөздің көркі – мақал» деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
Оқушылардың мақал-мәтелдері
Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
- Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
- Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
- Еңбек етпеген азады.
- Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
- Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
- Орайы келсе, орақ ор; кезі келсе, кетпен шап.
- Еңбек – адамның екінші анасы.
- Ерінбеген етікші болады.
- Керек тастың ауырлығы жоқ.
- Еңбекке үйренем десең, ерінбе. Өнерге үйренем десең, жерінбе.
Келесі айналым
Мақалды жалғастыру ойыны
Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды. Ойынға қатысушылар қол көтеріп, жалғасын айтады.
Еңбегің қатты болса, …
татқаның тәтті болар.
Еңбек түбі – береке, …
көптің түбі – береке.
Істегенің еліңе жақсы, …
үйренгенің өзіңе жақсы.
Отынды шапқанға жақтыр, …
малды тапқанға бақтыр.
Ексең егін, …
ішерсің тегін.
Етік тіге алмаған, …
біз таңдайды.
Көсеуі қысқаның, …
қолы күйер.
Берген – алар, …
еккен – орар.
Еңбек етсең ерінбей, …
тояды қарның тіленбей.
Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.
Екінші айналым
«Бір сөзден мақал» ойыны
Екі ойыншының бірі мақал айтады. Екіншісі сол мақалдың ішіндегі бір сөзге байланысты басқа мақал айтып жауап береді. Ойын кезектесіп жалғасады. Мүдірген оқушы жеңіледі.
1-оқушы
Еңбек ет те мақтан, ойнап күл де шаттан.
2-оқушы
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
2-оқушы
Ердің атын еңбек шығарар.
1-оқушы
Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
1-оқушы
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
2-оқушы
Еңбегі көптің өнбегі көп.
2-оқушы
Жері семіздің – малы семіз.
1-оқушы
Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл-көсір.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар табысталады.
Қорытынды
Сонымен, оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолданылу аясының кең болуының сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына бере алатын құдіретінде.
Осымен «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет!