Қазақ елін әлемге танытқан кім
Тақырып
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Мақсаты
Абайдың өмірі мен шығармашылығы арқылы келер ұрпаққа қалдырған өсиетін оқушылардың ой-санасына сіңіру. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен нәр алып, тәлім-тәрбие жинақтау.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Нақыл сөздер
Барысы
Кіріспе сөз
Бүкіл әлемге қазақ деген халықты танытқан ғұлама ақынымыз Абай Құнанбайұлы елді өнер-білімге шақырып, «мыңмен жалғыз алысып», надандықпен күрескені баршамызға аян. Егер біз Абай тағылымын оқып, түсініп, сол жолмен жүрсек, ақын өзі айтқандай, дүниенің бір кірпіші болып қаланарымыз анық.
Ендеше, Абай атаның нақыл сөздері мен өлең-жырларын ұрпағы қалай оқып, қалай меңгеріп жүргенін бірге тыңдайық.
Талқылау сұрағы
Абай туралы не білеміз?
Абай әлеміне саяхат
Туған жері
Семей өңірі
Өмір сүрген жылдары
1845–1904
Әкесі
Құнанбай
Анасы мен әжесі
Ұлжан, Зере
Интерактивті тақтадан Абай ауылы, әкесі, әжесі және ақынның портреті көрсетіледі. Абайдың өмірі туралы қысқаша мәлімет оқылады.
Жұмбақ-тапсырмалар: Абай кім?
Жырларымен бүкіл елді сусындатқан кім?
Қазақ елін әлемге танытқан кім?
Ұрпаққа мұрасын аманат қып,
Рухани азық етіп қалдырған кім?
Жауабы: Абай — ақын
Көңіл құсын құйқылжытып шартарапқа,
Өлеңіне саз шығарып, шырқатқан кім?
Жауабы: Абай — сазгер
Орыс әдебиетін үлгі тұтып,
Пушкин мен Лермонтовты қазақша сөйлеткен кім?
Жауабы: Абай — аудармашы
Мұғалім түсіндірмесі
Абай — ақын, сазгер, аудармашы, философ әрі көркем сөздің хас шебері. Ол 45 қара сөз жазды, 3 поэма қалдырды, 70-ке жуық ән шығарды.
Әдеби-музыкалық бөлім
1
Абайдың өлеңдерін оқу
Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің ойы мен көркемдік қуатын ашу.
2
Абайдың әндері
Әуен мен сөздің үндестігін сезіну.
3
Крыловтан аударма
«Қарға мен түлкі» мысалынан көрініс көрсету.
Викториналық сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріп, соңында дұрыс жауаптар интерактивті тақтадан көрсетіледі.
- А. Құнанбаев қай жылы, қай айда, қай күні дүниеге келді?
- Оның азан шақырып қойған аты кім?
- Оны «Абай» деп кім атаған?
- Абай қайда, қанша жыл оқыды?
- Жас кезінде оқи алмағанына өкініп жазған өлеңі қайсы? Жатқа айт.
- Ұстаз бен шәкірт туралы жазған өлеңі қайсы?
- Тоғжан кім? Оған арнап жазған өлеңін ата.
- Абайдың табиғат туралы жазған өлеңдерін ата.
- Абай қандай тілдерді үйренді?
Қорытынды бөлім
Абай туралы айтылған ұлағатты сөздер
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс.»
«Шын хакім, сөздің асыл баға жетпес,
Бір сөздің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.»
«Абайдан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында, біз білетін, ақын жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек.»
Қосымша оқу
Абай туралы жазған ақын-жазушылардың өлеңдерінен үзінділер оқылады.
Хор
«Желсіз түнде жарық ай»