Қорытуға арналған тапсырма
4-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары (Әдебиеттік оқу)
Сабақтың тақырыбы
«Шыбын мен Көбелек»
Сілтеме
- Оқулық
- Әдістемелік құралдар
- Ғаламтор ресурстары
Жалпы мақсаттар
- Сабақ идеясын ашуда білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту.
- Өз бетінше тапсырма орындау барысында қабілетті оқушыны анықтау.
- Ой түйіндеу кезеңінде көшбасшылық қасиеттерді байқату және дамыту.
- Топпен, жұппен және жеке жұмыс арқылы өз жұмыстарын сыни тұрғыда бағалауға үйрету.
Оқыту нәтижелері
Ойлау және тұжырым
- Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді.
- Деректерді есте сақтауға ұмтылады.
- Өз бетінше тұжырым жасап, пікірталас тудыра алады.
Қарым-қатынас және әрекет
- Белсенділік көрсетіп, сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланады.
- Жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс жасауға үйренеді.
- Сыни ойлау дағдылары дамиды.
Түйінді идея
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» қағидасын негізге ала отырып, жақсы қасиеттерді дәріптеу және жаман әдеттерден аулақ болуға бағыттау.
Тапсырмалар
1-тапсырма
Ойын: «Мен білемін»
Өткен тақырыпты қорытындылауға арналған тапсырмалар.
2-тапсырма
Жұмбақ шешу
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында орындалатын тапсырма.
3-тапсырма
Ойын: «Таңдап ал да жауап бер»
Ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма.
4-тапсырма
«Не білдім?»
Ойларды жинақтап, қорытынды жасауға арналған тапсырма.