Туған тілім - тірлігімнің айғағы мәнерлеп оқу сайысы

5–8 сыныптар Мәнерлеп оқу сайысы Мемлекеттік тіл

Сыныбы

Бұл іс-шара 5–8 сынып оқушыларына арналған.

Тақырыбы

«Туған тілім — тірлігімнің айғағы» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

Мақсаты

  • Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуі мен жаңғыруының маңызын ұғындыру, ана тілін сүюге тәрбиелеу.
  • Мемлекеттік тілді құрметтеп, оның мәртебесін жоғары ұстауға баулу.
  • Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні және тілдік болмысы болатынын түсіндіру.
  • Ой-өрісті кеңейту, дүниетанымды тереңдету, сөздік қорды молайту.
  • Жұрт алдында еркін, анық әрі мәдениетті ауызша сөйлеуге дағдыландыру.

Мұғалімнің сөзі

Кіріспе жыр шумақтары

Сахналық мәтін

Тілім менің — қайыршы емес, қаңғыбас,

Тілім — тұлпар, қуған желге шалдырмас.

Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,

Жер иесі — менің тілім, мәңгі жас.

Әуезов пен Абайды өткен — дәріс тілі,

Тіл қатқан Тоқтар, Талғат — ғарыш тілі.

Қанша заң қабылдаймыз — жетер енді,

Естілсін мемлекеттік әр істе үні!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Туған тілім — тірлігімнің айғағы» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізушінің сөзі

Туған тілім — қазынам, алтын кенім,

Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.

Қош келдің, туған өлке — бесігіңе,

Қасиетті бабамның тілі менің.

Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,

Қылыштай сүйектерден тіліндедің.

Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,

Қасиетті тілім менің — бүлінбедің.

Сайысқа қатысушылар

Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын:

5-сынып оқушылары
__________
6-сынып оқушылары
__________
7-сынып оқушылары
__________
8-сынып оқушылары
__________

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім,

Туған тілім — анам тілі — өз тілім.

Туған тілім — далам тілі — өз тілім,

Туған тілім — адам тілі — өз тілім.

Ана тілім — туған тілім, бал тілім,

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім,

Сен — өмірде таусылмайтын алтыным.

Әділқазылар алқасы

Әділқазыларды сайлап алайық.

_________________________________________________

Тіл туралы тағылым

Жүрегімнің бөлшегі

Қаның, жаның — тіліңде,

Арың, нәрің — тіліңде.

Ұмтыл оны білуге,

Тілден алып ғибрат,

Құлшынасың білімге.

5-сынып оқушысы
________________________

Қалқаман Сарин — «Тәуелсіздік»

Оқушы оқуы

Ана тілі — біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ, қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан безген ұл!» — деп қараңыз.

6-сынып оқушысы
________________________

Мұхтар Шаханов — «Төрт ана»

Оқушы оқуы

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім — ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.