Жауды аппақ қар
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі
Өткізген: мұғалім-логопед Смағұлова Ж.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту».
Сабақтың мақсаттары
- Сөйлеу кезіндегі құрысу белгілерін азайту және түзетуге бағыттау.
- Тыныс алу жаттығуларының дұрыс орындалуын бақылау.
- Өзін-өзі бақылауға және өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
- Мәнерлеп оқу мен сөйлеу дағдыларын дамыту.
- Байланыстырып сөйлеуді дамыту арқылы сөздік қорын байыту.
Көрнекілік құралдары
Материалдар
- Тыныс алу жаттығулары бейнеленген суреттер
- Сөйлеу ережелері
- Тапсырмалар жиынтығы
Негізгі екпін
Жаттығуларды бірқалыпты тыныспен орындау және сөйлеуді ырғақпен ұйымдастыру.
Сабақ барысы
1) Аутогенді жаттығу
«Мен бақытты баламын». Баяу әуен ырғағымен үшке дейін санап, гүл бағына «саяхаттаймыз».
Мақсат
Босаңсу, назарды тұрақтандыру, тынысты реттеу.
Елестету мәтіні
Қарашы, гүл бағында гүлдер қандай көп! Әсем де әдемі гүлдер жайқалып тұр. Гүлдерге қарап күн күлімдейді. Тыңдашы: бақта сайраған құстың үні, сылдырап аққан судың даусы естіледі. Бетіңе жеңіл самал еседі. Айнала аңқыған гүлдердің хош иісі сезіледі.
Өлең: «Біз өмірдің гүліміз»
Зеңгір көктем,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдарлы өскен,
Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықта,
Жолдастықта
Бақыттымыз бәріміз.
2) Тыныс алу жаттығулары
Жаттығулардың барлығы баяу қарқынмен, дұрыс қалыпта және ұзартылған дем шығарумен орындалады.
а) «Сағат»
Денені жан-жаққа ию. Иілген кезде терең тыныс шығарып, «ту-у-у-у-ух» дыбысын созып айту.
ә) «Доптар ұшады»
Қолды кеудеден алға қарай «лақтыру» қимылын жасау. Дем шығарғанда «ух-х-х-х» дыбысын ұзақ айту.
б) «Поезд»
Бір деммен «ту-ту-ту-ту» деп айту, ырғағын бірқалыпты ұстау.
в) Ызың дыбыстар
Дем алып, дем шығарғанда кезекпен «с-с-с», «ш-ш-ш», «ф-ф-ф» дыбыстарын созу.
г) «Машинаның дөңгелегі жарылды»
Дем шығарумен «ш-ш-ш» дыбысын ұзақ айту.
д) «Ұлпа қарды үрлеу»
Мақтаны үрлеу арқылы дем шығаруды бақылау: тыныс бірқалыпты, үзілмей шығуы керек.
3) Сөйлеу ережелері
Қарқын
Сөйлегенде асықпа.
Тыныс
Әрдайым дем шығарып сөйлe.
Үзіліс
Әр сөйлемнің соңынан үзіліс жаса.
4) Өлең оқу арқылы тақырыпты ашу
Өлең: «Күміс қар»
Қырларды жапты күміс қар,
Далада жаңа тыныс бар.
Бұталар жалт-жұлт етеді,
Кәдімгі бейне хрусталь.
Сұрақ-жауап
- Өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
- Қыста балалар қалай киінеді?
- Қыста қарды ауызға салуға бола ма? Неліктен?
- Ақшақардың тапсырмаларын дұрыс орындайық.
5) Ақшақардың тапсырмалары
I тапсырма: Дұрыс сөйлемді таңда
- а) қар аппақ жауды.
- ә) Аппақ қар жауды.
- б) Жауды аппақ қар.
II тапсырма: «Аппақ» сөзін талдау
«Аппақ» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
III тапсырма: Сөйлемдегі сөз санын анықта
«Жапалақ қар жауып өтті.» Сөйлемде неше сөз бар?
IV тапсырма: Сөздердің орнын тауып, сөйлем құрастыр
- Жауды, ерте қар.
- Жасады, аққала балалар.
- Тепті, балалар, сырғанақ.
V тапсырма: Дұрыс рәсімдеу
Әр сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қой:
VI тапсырма: Суретпен жұмыс
Сурет бойынша қыс мезгіліне байланысты әңгіме құрастыру.
6) Сергіту сәті
Біз орманға барайық,
Жан-жағымызға қарайық.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап: р-р-р
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп.
Қорықпаңдар, балалар,
Қарап-қарап алыңдар.
7) Елестетіп сурет салу
Мәтін мазмұнына сәйкес «Қыс» тақырыбында сурет салу.
Тірек сипаттама
Айнала аппақ. Ағаштар мен шыршалар ақ тон кигендей. Аспан көгілдір. Күн жарқырап тұр. Балалар қардан аққала жасап, ойнап жүр.
Қорытынды
Қайталау сұрақтары
- Қыс мезгілі туралы не білеміз?
- Қыс қандай болады?
Негізгі белгілер
- Боран соғады.
- Күн суық болады.
- Қар жауады.
- Өзенге мұз қатады.
- Аяз болады.
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі
Өткізген: мұғалім-логопед Смағұлова Ж.