Шеңберден екінші шеңберге секіру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Білім беру саласы
Денсаулық
Бөлімі
Денешынықтыру
Тақырыбы
«Әжеммен кім тұрады?»
Мақсаты
- Жүгіру кезінде бір-біріне кедергі жасамауға, жай секіруге, тізені бүгуге, түзу қойылған жіптің астынан өтуге және жіпке тимеуге үйрету.
- Тәрбиешінің белгісін тыңдап, белгі бойынша қимыл-қозғалыс жасауға және тапсырманы дұрыс орындауға дағдыландыру.
- Ойынға эмоциялық белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуға ынталандыру.
- Денсаулыққа ұмтылысқа, жылдамдық пен ептілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Балалар санына байланысты кіші текшелер
- Үлкен текшелер — 5 дана
- Құрсаулар — 4 дана
- Атрибуттар
- Жіп
Қолдау және тілдік жұмыс
Билингвизм
- Тауық
- курочка
- Өзен
- ручеек
- Балапан
- цыпленок
Инклюзивтік қолдау
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі: тапсырманы түсіндіру, қауіпсіз қозғалысқа бағыттау және қимылдарды орындауда қолдау көрсету.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті
Балалар спорттық киіммен әуен ырғағымен залға кіреді. Шеңбер бойымен тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
«Шаттық шеңбері»
Сәлем дедік Күнге біз, Сәлем дедік Жерге біз. Сәлемдесіп достармен, Бірге ойнап, бір жүрген.
Кіріспе әңгіме
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші: «Балалар, сендердің бәріңнің әжелерің бар ма?»
Балалар: «Бар.»
Тәрбиеші: «Әжелерің қайда тұрады?»
Балалар: «Ауылда.»
Тәрбиеші: «Әжелеріңнің қандай жануарлары мен үй құстары бар?»
Балалар: «Мысығы, иті, тауығы, балапандары бар.»
Тәрбиеші: «Әже бізді қонаққа күтіп отыр. Жүріңдер, барайық!»
Жалпы дамыту қозғалыстары (жол үстіндегі тапсырмалар)
Қатармен қозғалу
- Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру
- Аяқтың ұшымен және өкшемен жүру
- Баяу қарқынмен жүгіру
- Тыныс алу жаттығулары
«Кедергілер» арқылы өту
Өзен: «Қараңдаршы, балалар! Өзен ағып жатыр екен — тез аттап өтейік.»
Балалар музыка ырғағымен түзу қойылған текшелер арқылы алға қарай өтіп шығады.
Секіру: Бір шеңберден екінші шеңберге секіру.
Ұзақ жол: Аяқтың ұшымен жүріп, қолды жоғары көтеру, алақанға қарау.
Ұзақ жолдан кейін балалар ауылға жетеді, әжемен кездеседі және оған жаттығуларды қалай орындайтынын көрсетеді.
Жан-жақты дамыту жаттығулары (текшемен)
Балалар 3 қатарға бөлінеді.
-
1) Қол қимылы
Бастапқы қалып: тік тұру, қолда текше. Текшені төмен түсіру, оң қолды алға созып көрсету, сол қолмен артқа жасыру.
Қайталау: 4 рет
-
2) Иық және қол көтеру
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, қол төменде. Қолды иыққа қойып, жоғары көтеру; текшеге қарау; қолды төмен түсіру.
Қайталау: 4 рет
-
3) Отырып соғу
Бастапқы қалып: отыру, қолды алға созу. Текшелерді бір-біріне 3 рет соғу, бастапқы қалыпқа келу.
Қайталау: 4 рет
-
4) Қос аяқпен секіру
Бастапқы қалып: тік тұру. Орнында қос аяқпен секіру.
Қайталау: 4 рет
-
5) Тыныс алу жаттығулары
Жаттығулардан кейін тыныс алуды қалпына келтіру.
Әже балаларды мақтайды. Балалар тәрбиешінің артынан жүріп, текшелерді себетке салады.
Негізгі жаттығулар
- Жіптің астынан өту — 2–3 рет
- Орнында секіру — 2–3 рет
Қимылды ойын: «Тауық пен балапандар»
Ойын шартын сақтай отырып, балалар қызығушылықпен және белсенді ойнайды.
Ойын мәтіні
Шықты тауық қыдырып, Балапанын ертіп ап. Шықты тауық ақ тауық, Бәрі сары балапан. Қоңқылдайды тауықжан: «Алысқа сендер, балапандар, кетпеңдер!» Ал, терезе алдында Мысық жатыр пырылдап. Көзін ашып бір сәтте Ұстап алар сендерді.
Сергіту сәті: «Балапан»
Қимыл
Тыныс алу ырғағын сақтай отырып, аяқтың ұшымен жүру.
Дыбыс
Дем алып, «пи-пи-пи-пи» деп айту. Жануарлардың дыбыстарын салып көру.
Ойын: «Әуен арқылы жануарлардың дауысын сал!»
Балалар әуенге сәйкес жануарлардың дыбыстарын салады.
Қорытынды әңгіме
Қойылатын сұрақтар:
- «Біз қайда бардық?»
- «Әжеммен кім тұрады?»
- «Немен жаттығу жасадық?»
Балалар жауап береді. Тәрбиеші балаларды мақтап, мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже
Білуі
Жіптің астынан өтуді, секіруді, аттап жүруді.
Меңгеруі
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындауды.
Жасай алуы
Жүгіруді, жіптің астынан өтуді, секіруді және ойын ойнауды.