Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы

Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Тақырыбы

Қ. Жұмағалиев — «Туған өлкем»

Сабақ түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жердің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.

Дамытушылық

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Туған жер мен Отан туралы өз ойларын еркін, жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Елін, жерін, Отанын қорғауға баулу; туған жерге деген патриоттық сезімді қалыптастыру.

Көрнекіліктер

Суреттер, слайдтар, кестелер, авторлардың портреттері.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабаққа даярлау, оқу құралдарын реттеу.

Кіріспе сөз

«Ана тілі – көңіліңе гүл егер,
Ана тілі – ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер»,
— деген ойға сүйене отырып, ана тілі сабағын бастаймыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін жаттау және Отан туралы шығарма жазу.

Оқушылардың өлеңді айтуы тыңдалып, жазған шығармалары оқытылады.

3) Үй тапсырмасын қорыту (топтастыру стратегиясы)

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын қысқаша қорыту:

Өмірбаян деректері

  • Туған күні: 09.02.1931
  • Туған жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы
  • 10–11 жасынан өлең жаза бастаған
  • 1948 жылы ауыл орта мектебін бітірген
  • Қайтыс болған күні: 27.03.1976 (Алматы қаласы)
  • Мәртебесі: ұлы ақын, аудармашы

Еңбектері мен естелік деректер

  • «Дариға жүрек»
  • «Аққулар ұйықтағанда»
  • «Жан азасы»
  • «Өмір өзен»
  • «Қарлығашым, келдің бе?»
  • 2008 жылы М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды
  • 2011 жылы ақынның 80 жылдығы Қазақстан бойынша аталып өтті

4) Жаңа сабаққа кіріспе

Көркем мәтін

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Сабақтың бағыты

Өткен сабақта Қазақстан мен Отан туралы жырласақ, бүгін туған жер тақырыбын тереңдетеміз.

Негізгі шығарма: Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем» өлеңі.

Ой қозғау

«Туған өлке» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларын еркін айтады.

Қайрат Жұмағалиев туралы қысқаша мәлімет

Туған күні

16.09.1937

Туған жері

Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Басқұдық ауылы

Қызметі

Көрнекті қазақ ақыны, «Сарыарқа» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Алғашқы кітаптары

  • Тұңғыш өлеңдері (1964)
  • «Жанар» өлеңдері (1966)

Оқулықпен жұмыс

  1. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
  2. Оқушылар өлеңді тыңдай отырып, таныс емес сөздерді белгілеп отырады.
  3. Оқушылар өлеңді кезекпен мәнерлеп оқиды.
  4. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

Сөздік жұмысы

Кермиық

асыл, жақсы, әсем.

Ықылым күн

өткен күн, баяғы заман.

Дәптермен жұмыс: ребус тапсырмасы

Ребустарды шешу арқылы туған жер туралы мақал-мәтелдерді оқисыңдар. Шешіміндегі мақалдарды дәптерлеріңе жазыңдар.

Ребус мәтіні (берілген нұсқа)

----------------------,,, н ж - 6+н ғ,, л,,,,,,,,
--------------,, б,,,
------------------------,,, н ж д 2,,,,, ж,,,,
-------------------- б, м,,,,

Туған жерді таныту: Маңғыстау

Көрсетілім

Туған жеріміз Маңғыстауды бейнематериал арқылы тамашалау.

Музыкалық үзіліс

Маңғыстау топырағында дүниеге келген жергілікті ақын Рахат Қосбармақтың өлеңіне жазылған «Киелі Маңғыстау» әнін тыңдау.

Шығармашылық тапсырмалар (топтық жұмыс)

1) Өлең шығару

Туған жер туралы қысқа өлең құрастыру.

2) Бейнелеу

Табиғат көрінісін сурет арқылы бейнелеу.

3) Даналық сөздер

Табиғат туралы мақал-мәтел немесе тыйым сөздер жазу.

Үй тапсырмасы

«Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқу.

Қорытынды және бағалау

Сабақ соңында оқушылардың белсенділігі мен жауаптары бағаланады.

Қорытынды сөз (Б. Әбеевтің «Ұлыма арнау» өлеңінен)

Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тіліңде сөйлеп өткен атаң да.
Қадірлей біл тілің менен дініңді —
Саған берер менің осы батам да.

Өзге ұлттан кем санама өзіңді,
Қай кезде де шыдамды бол, төзімді.
Жүрсең дағы қай қиырда, қай жерде —
Сақта есіңде менің осы сөзімді.

Қадірлесең жерді мынау киелі,
Оның саған шарапаты тиеді.
Ел, жер үшін Қабанбайдай қанаттан,
Сонда ғана халық сені сүйеді.

Назарларыңызға рақмет.

Сау болыңыздар.