Жуан дауыстылар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға жіңішке дауысты дыбыстар туралы түсінік беру; төрт түлік туралы білімін кеңейтіп, малдың пайдасын ұғындыру.
Дамытушылық
Жіңішке дауысты дыбыстардың қолданылуын жазба жұмысы арқылы нақтылау; ойлау қабілетін ұштап, тілін дамыту.
Тәрбиелік
Еңбекқорлыққа, үй жануарларына сүйіспеншілік пен қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, сыныптың назарын бір арнаға шоғырландыру.
II. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Үй тапсырмасын тексеру
1) «Қозы» өлеңін мәнерлеп оқу
Кіп-кішкене, момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам «қозым» деп,
«Қошақаным өзің» деп.
2) Ережені еске түсіру
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, ө, і, ү.
Пысықтау сұрақтары
- 1Алфавитте неше әріп бар?
- 2Сөйлем деген не?
- 3Сөйлем неден құралады?
- 4Сөз неден құралады?
- 5Дыбыс деген не?
- 6Әріп деген не?
- 7Дыбыс нешеге бөлінеді?
- 8Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
- 9Жуан дауыстыларды ата.
- 10Жіңішке дауыстыларды ата.
Жаңа сабақ: «Төлдер»
Негізгі сөздер
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтан «Төлдер» өлеңін оқимыз (40-бет).
«Төлдер»
— Құлыным-ау, құлыным,
Неден сұлу тұлымың?
— Сіміріп су тұнығын,
Содан сұлу тұлымым.
— Ботақан-ау, ботақан,
Неден болдың момақан?
— Мен де өзіңдей балақан,
Момындықты жаратам.
Ә. Асылбеков
Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды, дыбыстардың дұрыс айтылуына мән береді.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Әбдрахман Асылбеков (1938 жылғы 1 мамыр, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылы) — ақын. 1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты шығармалары басылды. 1961 жылы балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Кейін 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндері, сатира және аударма жанрларында да еңбек етті. Көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі жүлдегері.
Жаттығулар мен тапсырмалар
Дәптермен жұмыс (37-жаттығу)
Берілген сөздерден жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу:
Қой, ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.
«Ойлан, тап!»
«Қай түліктің дауысы?» — дыбысына қарап жануарды анықтау тапсырмасы.
Шығармашылық жұмыс (топтық)
- 1Жуан дауыстылар қатысқан бірнеше сөз жаз.
- 2Жіңішке дауыстылар қатысқан бірнеше сөз жаз.
- 3Бір буынды сөздер жаз.
- 4«Құлын» сөзін дыбыстық талда.
Сергіту сәті
1) Жуан дауыстылар
Қол көтер.
2) Жіңішке дауыстылар
Қол шапалақта.
3) Дауыссыз дыбыстар
Аяқпен «топ-топ».
Пысықтау және қорытынды
Топтастыру
Оқушылар тақырып бойынша негізгі ұғымдарды (төл атаулары, жіңішке дауыстылар) топтастырып, қысқаша қорытынды жасайды.
Мекеме және автор
Атырау қаласы, №9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп
Сынып жетекшісі: Даулетиярова С. Ғ.