Мәтіннен тауып оқып, әңгімеле
Ана тілі • 2-сынып
Сабақ тақырыбы: Тұрсын Жұртпай — «Қоңыр қозы». Сабақта оқушылар мәтін мазмұнын меңгеріп, жүйелі сөйлеу дағдыларын дамытады және Мұхтар Әуезовтің балалық шағымен танысады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды мәтін авторымен таныстыру; Мұхтардың балалық шағы туралы мағлұмат беру. Мәтін мазмұны арқылы жүйелі сөйлеуге, ой қорытындысын жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық
Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөйлеу және жазу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік
Жазушы өмірін үлгі ете отырып, ұлылық пен кемеңгерлікті дәріптеу; елін, жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Типі: жаңа сабақ
- Түрі: аралас сабақ
- Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Оқулық
- Мәтінге байланысты суреттер
- Сөзжұмбақ
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ Абайдың өлең жолдарын оқудан басталады. Оқушылардан өлеңнің авторын анықтау сұралады, содан соң сынып 3 топқа бөлінеді.
Өлеңнен үзінді
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысы топтық тапсырмалар арқылы сұралады. Негізгі бағыт: мәтін авторы, атауы, кейіпкерлері және кейіпкерлерге мінездеме беру.
1-топ
Тұрардың бейнесін сипаттайды.
2-топ
Атамырзаға мінездеме береді.
3-топ
Атамырзаның күлкісіне байланысты Иван Владимировичтің әңгімесін талдайды.
Тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетіледі.
III. Жаңа сабаққа дайындық (Венн диаграммасы)
Жақсы қасиеттер
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Жаман қасиеттер
Өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ.
Талқылау сұрақтары: Тұрардың бойынан қай қасиеттер байқалады? Жастарды оқу мен өнерге шақырған Абайды әлемге танытқан кім?
Қорытынды: Абайды әлемге танытқан — Мұхтар Әуезов.
IV. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақ қоғам қайраткері, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов туралы. Оқушылар Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесімен танысады. Интерактивті тақтадан автордың портреті көрсетіледі.
Автор туралы қысқаша мәлімет
- Тұрсын Жұртбай — ақын, зерттеуші.
- Семей облысында туған.
- Абай мен Мұхтар өміріне қатысты еңбектері бар.
- Филология ғылымдарының докторы, профессор.
- Отырар кітапханасының ғылыми орталығының директоры.
V. Оқулықпен жұмыс
- «Қоңыр қозы» мәтіні оқылады.
- Әр бөлікке талдау жасалады.
- Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беріледі.
- Түсінген оқушылардан мәтін мазмұны сұралады.
VI. Дәптермен жұмыс
Дәптерге күннің жадын және өтілген тақырыптың атауын жазу. Мәтіндегі сөз тіркестерін теріп жазу.
Сөз тіркестері
VII. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылар сергітіледі.
VIII. Топпен жұмыс (Талдау стратегиясы)
Әр топ мәтіннен нақты үзінді тауып оқиды, кейін берілген суретке сүйеніп түсінгенін әңгімелейді. Әр топтан 2–3 оқушы қатысады.
1-топ
Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін суреттейтін жолдарды тауып оқып, әңгімеле.
2-топ
Абай ауылының көрінісін суреттейтін тұсты тауып оқып, әңгімеле.
3-топ
Мұхтарды қандай көрініс қызықтырды? Мәтіннен тауып оқып, әңгімеле.
Қосымша мәлімет (мұғалім түсіндірмесі)
Мұхтардың анасы мен әкесі Абай ауылымен іргелес, араласып тұратын, көңілі жақын адамдар болған. Мұхтар әжесі мен атасының бауырында өскен. Атасы Әуез үлкен ұлы Омархан мен келіні Нұржамалдан туған тұңғыш немересіне Мұхтар деп ат қойған. Бұл сөздің «азат», «білімді», «таңдаулы» деген мағыналары бар екенін көкірегіне түйген.
Әуез қарт немересіне Абайдың өлеңдерін оқытып, жаттататын. Мұхтар сауатын әліппемен емес, Абай өлеңдерімен ашқан. Кейін Мұхтар Омарханұлы Әуезов — ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор атанды.
Естелік деректер
- Алматы қаласында Қазақ академиялық драма театры М. Әуезов атында.
- Әдебиет және өнер институты М. Әуезов атында.
- Көшелерге есімі берілген.
- Алматыда, туған ауылы Бөрліде және Ыстықкөлде мұражайлары бар.
IX. Сабақты қорыту (сөзжұмбақ)
Сабақ соңында сөзжұмбақ арқылы негізгі ұғымдар мен деректер пысықталады.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Ұшқыш ағамыздың фамилиясы.
- «Қоңыр қозы» әңгімесін жазған кісінің аты.
- Телеарна.
- Абай ауылына келген мезгіл.
- Қасиетті тағам.
- Мұхтардың назары неге ауды?
X. Үй тапсырмасы
Оқу тапсырмасы
Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу.
Шығармашылық тапсырма
Ұнаған көріністің суретін салу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәтінді түсінуі, топтық жұмыстағы үлесі және жауаптарының нақтылығы бойынша бағаланады.