Өлеңді оқып, есімдіктерін табыңдар

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Мұғалімі: Нарбекқызы Айгерім. Пәні: Қазақ тілі. Сыныбы: 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің түрленуі.

Сілтеме: 7-сынып оқулығы (Тұрсынова Г. Т., Қасымбек А. А.).

Жалпы мақсаты

Есімдіктер туралы білімді тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін меңгерту және қолдануға машықтандыру.

Оқыту нәтижесі

Есімдіктердің түрлену жолдарын, жіктеу есімдігінің септелуі мен жіктелуіндегі ерекшеліктерін меңгереді.

Негізгі идея

Есімдіктердің түрленуін жүйелі түсіндіріп, жіктеу есімдігін талдау, анықтау және тәжірибеде қолдану.

Сабақ құрылымы (кезеңдер)

Негізгі кезеңдер

  1. I Ұйымдастыру
  2. II Есіңе түсір (қайталау)
  3. III Сынап көр (есім сөздермен жұмыс)
  4. IV Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)
  5. V Іске асыр (жаттығу жұмысы)
  6. VI Ойлан, тап
  7. VII Нәтиже (киіз үй құрастыру)
  8. VIII Үй тапсырмасы
  9. IX Өзіңді бағала

Пайдаланылатын әдіс-тәсілдер

  • «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы қайталау
  • «Бес жолды өлең» әдісі
  • Тілдік тренажер және морфологиялық талдау
  • INSERT (түртіп алу) арқылы мәтінмен жұмыс
  • Сәйкестендіру тапсырмалары
  • Топтық талдау және таныстырылым

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басындағы әрекеттер

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.
  • Парақшалар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
  • Өзін-өзі бағалау парақшасын таратып, критерийлермен таныстыру.

Бағалау критерийлері

Кезеңдер бойынша ұпай

  • Есіңе түсір — 10
  • Анықта — 10
  • Сынап көр — 10
  • Іске асыр — 10
  • Ойлан, тап — 5
  • Нәтиже — 5

Бағалау шкаласы

  • 5 — 40–35 ұпай
  • 4 — 34–30 ұпай
  • 3 — 29–25 ұпай
  • 2 — 24–0 ұпай

Есіңе түсір (қайталау)

Үй тапсырмасын тексеру және ойын

Үй тапсырмасын тексеру үшін 86-жаттығу орындалуын қараймын. Жаңа сабаққа тікелей қатысы болғандықтан, есім сөздерді «Жұлдызды сәт» ойыны арқылы қайталаймыз. Жауап берген оқушыларға жұлдызшалар беріліп отырады.

Қайталау сұрақтары

  1. Зат есім қандай сөз табы?
  2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  3. Жалпы және жалқы зат есім дегеніміз не?
  4. Сын есім қандай сөз табы?
  5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  6. Туынды сын есімдер қалай жасалады?
  7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
  8. Сан есім қандай сөз табы?
  9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
  10. Құрамына қарай қалай талданады?

Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)

Мәтінмен жұмыс (INSERT)

Жаңа тақырыппен танысуға 10 минут беріледі. Оқушылар оқулық материалын оқып, түртіп алу (INSERT) әдісімен: бұрыннан білетінін, жаңалық екенін, дәлелдей алмайтын күмәнді тұстарын және әлі де тереңірек білгісі келетін жерлерін белгілейді.

Кейін әр топ ойларын біріктіріп талдау жасайды: бір-біріне сұрақ қояды, түсінбегенін түсіндіреді, қорытындысын қағазға түсіріп таныстырады.

Негізгі бағыттаушы сұрақтар

  1. Есімдік дегеніміз қандай сөз табы?
  2. Қай есім сөздердің орнына қолданылады?
  3. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
    жіктеу сілтеу сұрау өздік жалпылау болымсыздық белгісіздік
  4. Жіктеу есімдігі нені білдіреді?
  5. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді?

Жіктеу есімдігі: қысқаша түйін

Анықтама

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылып, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде жақты білдіретін есімдік түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Түрленуі

  • Септеледі
  • Жіктеледі (жақпен байланысты)
  • Жекеше және көпше түрде қолданылады

Жақ бойынша үлгі

Жекеше

I: мен

II: сен / сіз

III: ол

Көпше

I: біз

II: сендер / сіздер

III: олар

Септелу үлгісі (мен)

Атау

мен

Ілік

менің

Барыс

маған

Табыс

мені

Жатыс

менде

Шығыс

менен

Көмектес

менімен

Сынап көр

«Бес жолды өлең» әдісі

Әр топ берілген тақырып бойынша «Бес жолды өлең» құрастырады.

  • 1-топ Мұғалім
  • 2-топ Оқушы
  • 3-топ Кітап

Тілдік тренажер

Сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау жасалады. Мақсат — есім сөздердің белгілерін нақтылап, жаңа тақырыптағы есімдіктермен байланыстыру.

Іске асыр (жаттығу жұмысы)

88-жаттығу (сәйкестендіру)

Өлеңді оқып, есімдіктерді табыңдар. Олардың қай түрге жататынын айтыңдар, түрлену жолдарын түсіндіріңдер. Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Тапсырмада кездесетін үлгі сөздер

біз, бәрі, сол, бұл, олардан, бізге, бізді және т.б. (есімдіктің түрін анықтау және түрленуін түсіндіру).

91-жаттығу (шығармашылық жұмыс)

Көп нүктенің орнына тиісті сөз қойып, есімді және етістікті сөз тіркестерін жасаңдар. Сол тіркестерді қатыстырып, «Туған жер» тақырыбында шағын мәтін құраңдар.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс жаттығулары (физминутка).

Ойлан, тап

Мәтінмен жұмыс: Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазып, тұлғасына талдау жасаңдар.

I топ

Әкем — менің тәңірім, пайғамбарым, Ұмтылатын биігім, сайран бағым. Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ, Біліп алған, япыр-ай, қайдан бәрін?!

II топ

Ол тұрғанда сезінбей қатер демін, Хандардың да қалпағын әпергенім жоқ. Әділ шешім ататын барлық істе Біздің үйде бас қазы — әкем менің.

III топ

Әкем барда арқам кең, жоқ алаңым, Сұлу мүсін — бір мін жоқ келбетінде! Батыр, дана — сол ғана. Асығамын әкеме ұқсап, Тезірек ер жетуге.

Нәтиже (қорытындылау): «Киіз үй құрастыру»

Сабақты қорытындылау үшін оқушылар киіз үй бөліктері арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр бөлшек — бір білім түйіні.

Сықырлауық

Есімдік дегеніміз не?

Кереге

Есімдіктің түрлерін ата.

Кереге

Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

Уық

Сен жіктеу есімдігін ауызша септе.

Уық

Ол жіктеу есімдігін ауызша септе.

Шаңырақ

Жіктеу есімдігі түрленудің қай түрімен тығыз байланысты?

Өзіңді бағала және кері байланыс

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар бағалау критерийіне сай өзін-өзі бағалау парақшасындағы жинаған ұпайы бойынша бағаланады. Бағалау парақшалары жиналып алынады.

Сабақ соңында оқушылар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, төменнен жоғарыға қарай 3 рет шапалақтайды.

Кері байланыс

Оқушылар жапсырма қағаздарға ұсыныс-пікірін және көңіл күйін жазып, смайлик бейнелеріне жапсырады.

Үй тапсырмасы

  1. 1) 90-жаттығу
  2. 2) «Есімдік патшалығы» тақырыбында эссе жазу

Қажет материалдар: толық нұсқасын жүктеу, флипчартты жүктеу.