Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі

Тіл – татулық пен достықтың тірегі

Тіл — жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл — адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты құралы. Сондықтан тіл — қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құндылық.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Қазақ тілі — рухани байлығымыздың қайнар бұлағы. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық ұлт өкілдері де үлес қосуы керек. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз танып, дәріптеп, насихаттағанымыз абзал.

Негізгі мақсат

  • Жас жеткіншектердің бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру.
  • Ана тілін жетік меңгертіп, ұшқыр әрі шешен сөйлеуге баулу.
  • Қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ой-түйін

Ана тіліміздің байлығы мен икемділігін орнымен, қисынын келтіріп қолдансақ, сөзіміздің нәрі артып, тыңдаушыға әсері күшейе түседі. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауларында ұлттық тіл — қазақ ұлтының рухани әрі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал екенін ерекше атап өткен.

Әдеби-сазды кештің жүргізушілері

1-жүргізуші

Пирназар Дана

«Қазақ қазақ болғалы тіл үшін күрес — көргені. Көргені көп тілімнің, мүмкін емес өлмегі», — демекші, бүгінгі толғауымыз ана тіліміздің қадірі мен қасиетіне арналады.

2-жүргізуші

Доксабинов Абылайхан

Туған тілдің бүгінгі жай-күйі ешкімді бейжай қалдырмайды. Тәуелсіздікке қол жеткізсек те, ана тіліміздің мәртебесін өз дәрежесінде көтеру жолында әлі де жүйелі еңбек қажет.

Бағдарлама үзінділері

Ән

«Анамның тілі»

Ана тіліне деген құрмет пен перзенттік махаббатты дәріптейтін ән.

Сахналық көрініс

Бата беру рәсімі

Қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін көріністе жасы үлкен, көпті көрген ақсақалдың бата беру әдебі көрсетіледі.

Қатысушылар

Ақсақал

Маденбай Ғалымжан

Қария

Араббаев Анвар

Қыз

Жакупова Мерейлі

Нәрестелі ана

Арыстанбекова Айнұр

Көрініс 1: Қызға берілген бата

Алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған қызға ақсақалдың берген батасы:

Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.

Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!

Көрініс 2: Нәрестеге берілген бата

Кішкентай нәрестелі ана ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрап келеді.

Келіншек

Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.

Ақсақал

Қолыңды жай, балам!

Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты.
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!

Көрнекіліктер

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ребустар.