Қола дәуірінің ерекшелігі

Сабақтың тақырыбы

§ 15. Қола дәуірінің қоныстары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдени ескерткіштері және олардың ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Қола дәуірінің тарихи кезең ретіндегі орнын түсіндіру; қола туралы ұғымды тереңдету және оның басқа металдардан артықшылықтарын ажырата білу; карта арқылы Қазақстан аумағындағы қола дәуірі таралған аймақтарды анықтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Адамзаттың ұлы жетістіктері еңбектің арқасында келгенін ұғындыру; еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу; қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының ажырамас бөлігі екенін түсіндіру.

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі

Аралас

Әдісі

Баяндау

Пәнаралық байланыс

География

Көрнекіліктер

  • 1. Ежелгі Қазақстан картасы.

  • 2. Жергілікті өлкетану мұражайындағы қола дәуірі ескерткіштері.

  • 3. Тас бетіне салынған суреттер (петроглифтер): қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін материалдар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақ мақсатын қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы параграф соңындағы сұрақ-тапсырмалар арқылы бірнеше оқушыдан жеке-жеке сұралады.

  1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта мен табиғат қандай болды?
  2. Орта тас дәуірінде қандай аңшылық құралдары пайда болды?
  3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
  4. Мезолит аңшылары қандай жетістіктерге жетті?
  5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?

Жаңа тақырыптың жоспары

  1. Қола дәуірі
  2. Қола дәуірінің ерекшеліктері
  3. Андрон (мық) мәдениеті
  4. Ескерткіштері

Қола дәуірі: мерзімі және мәні

Тас дәуірінен кейінгі ірі кезең қола дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. II—I мыңжылдықтарды қамтиды.

Қоламыс пен қалайының қорытпасы. Уақыт өте адамдардың шаруашылыққа арналған негізгі құрал-саймандары көбіне қоладан жасала бастады.

Еуразияның далалық аймақтарында қоланы игеру ерекше қарқынмен дамыды. Осы кезеңде рулық қатынастар әлсіреп, белгілі бір шаруашылық түрлеріне маманданған тайпалық бірлестіктер қалыптасты.

Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері

Металлургияның дамуы

Түсті металдар мен алтынды игеру кеңейді.

Көшпелі мал шаруашылығы

Мал өсірудің көшпелі түрі қалыптасты.

Теселі егіншілік

Егіншіліктің теселі түрі пайда болды.

Андрон (мық) мәдениеті: тірек-сызба

Тақырыпты меңгеруді жеңілдету үшін оқушылар мәтінді кезекпен оқып, қалғандары мазмұнын түсіндіреді. Андрон мәдениетін есте сақтауға көмектесетін тірек-сызба төмендегідей.

Негізгі ұғымдар мен аймақтар

  • Мық
  • Орталық Қазақстан
  • Бұғылы
  • Ачинск

Қысқаша сипаттама

  • Кенттері мен тайпалық атаулар: арий, тур, қиян
  • 150-ге жуық қабір
  • 30-ға жуық қоныс
  • Егіншілік және мал шаруашылығы

Қола дәуірінің ескерткіштері

Қола дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның солтүстік, орталық және батыс өңірлерінен көп табылған. Негізгі нысандар төмендегідей:

Алексеевка Ұралысай Тастыбұлақ Тамғалы Петровка Бесбай Алғабас Беласар Бұғылы Қанай Беғазы–Дәндібай

Қосымша мәлімет

Беғазы–Дәндібай мәдениеті жөнінде қосымша дерек ретінде Әлкей Хақанұлы Марғұлан еңбектеріне сүйенуге болады.

  • А.Х. Марғұлан. «Бегазы–Дандыбаевская культура Центрального Казахстана». Алматы, 1979.
  • «Ғұлама тұлға: тағдыр, тағылым» (Ә. Марғұлан туралы естелік мақалалар). Павлодар, 2004.

Бекіту: жаңа сөздер және жедел сұрақтар

Жаңа сөздермен жұмыс

Алдын ала дайындалған плакат арқылы мына терминдермен жұмыс жүргізіледі:

теселі егіншілік Андрон мәдениеті петроглифтер

Жедел сұрақтар

Оқушылар сұрақтарға қысқа әрі жылдам жауап береді.

  1. Қола дәуірі қай кезеңді қамтиды?
  2. Қола қалай алынады?
  3. Қола дәуірінің үш ерекшелігін атаңдар.
  4. Неліктен бұл ірі мәдениет Андрон (мық) мәдениеті деп аталады?
  5. Қола дәуірінде Қазақстан тұрғындарын қалай атаған?
  6. Қола дәуірі ескерткіштері ең көп шоғырланған өңір қайсы?
  7. Қазақ жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалар қай тілдік топқа жатады?
  8. Қола дәуірінде егіншіліктің қандай түрі пайда болды?
  9. Беғазы–Дәндібай мәдениетін ашқан көрнекті ғалымды атаңдар.

Үй тапсырмасы

  • 1) § 15-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
  • 2) Қола дәуірінің еңбек құралдарының суретін өз қиялдарыңша салып келіп, қысқаша түсіндіріп беру.