Ұ дыбысы мен әрпіМақсаты
Сабақ туралы мәлімет
- Тақырып
- Ұ дыбысы мен әрпі
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, оқу-жазу
- Көрнекіліктер
- Суреттер, слайдтар, электронды оқулық
Мақсаттар
Білімдік
Оқушыларды Ұ дыбысы мен Ұ әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі Ұ дыбысының ерекшеліктерін меңгерту.
Дамытушылық
Оқуға қызығушылықты қалыптастыру, ойлау қабілетін және тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты қорғауға, ұйымшылдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Біздің сынып тып-тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Өткенді қайталау
- Өткен сабақта қай әріппен таныстық?
- З қандай дыбыс? Сөздің қай бөліктерінде кездеседі?
- Қандай өлеңдер жаттадыңдар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басынан бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың
Ортасында келемін.
Жауабы
Ұ
Бүгінгі жұмысымыздың өзегі — Ұ дыбысы.
Түсіндіру
- Ұ дыбысын хормен айту.
- Ұ — дауысты дыбыс, өйткені созылып айтылады.
- «Сөз ойла» ойыны: Ұ дыбысы бар сөздер мен кісі аттарын айту.
Мысалдар
Кісі аттары
Ұлан, Ұлжан, Ұлдай, Ұлдана, Ұлтай
Сөздер
жұлдыз, ұшақ, тікұшақ
Буынға бөлу
жұл-дыз, ұ-шақ, тік-ұ-шақ
Мәтінмен жұмыс
«Ұшқыш» мәтінін оқу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіру.
Тұңғыш ғарышкер — Юрий Гагарин. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері — Тоқтар Әубәкіров. Одан кейін 4 жылдан соң ғарышқа қазақ азаматы Талғат Мұсабаев ұшты.
Негізгі ой
Осы ғарышкер ағаларымыз сияқты білімді болып, салауатты өмір салтын сақтап, батыл болсақ қана үлкен мақсаттарға жете аламыз.
Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне, қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып, ұшып алайық.
Ойын: «Зейінді бол»
Мен дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын. Дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтеріңдер.
Тізбек 1
А, Н, Е, В, С, О, О, О
Тізбек 2
М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
Тізбек 3
М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
Ойын: «Ұ дыбысын тап»
Мен дауысты дыбыстарды айтамын. Солардың ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтаңдар.
Тізбек
А, Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ
Қорытынды тапсырма
Буындардан сөз құрау.