Жұпта пікір алмасу
Сабақ: «Еңбекпен тапқан тиын» (3-сынып, Ана тілі)
Бұл сабақ жоспары ертегінің негізгі мағынасын оқушылардың өз бетінше ұғынуына көмектесіп, ана тіліне қызығушылығын арттыруға және ой-өрісін дамытуға бағытталған.
- Тақырыбы
- Еңбекпен тапқан тиын
- Пәні / Сыныбы
- Ана тілі, 3-сынып
- Өткізу әдісі
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, еңбекке баулу
- Қажетті құралдар
- Оқулық, қағаз, маркер, қалам, дәптер
Мақсаты
- Ертегінің негізгі мағынасын оқушылардың өз бетінше ұғынуына көмектесу.
- Ана тіліне қызығушылығын арттыру.
- Ой-өрісін жетілдіру.
Міндеттері
- Оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу.
- Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
- Ой толғанысқа белсенді араласуға ынталандыру.
- Жеке пікір қалыптастырып, өзгенің ойына құрметпен қарауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар болжау мен жорамал жасау арқылы әңгімені талдап, салыстырып, қиялын дамытады. Бірлесе жұмыс істей отырып, өз пікірін білдіруге және ойын дәлелдеуге үйренеді. Топта және жұпта жұмыс істеу қабілеттері нығаяды.
Қолданылатын стратегиялар
- Топтастыру
- Венн диаграммасы
- Эссе
- ЖИГСО–2
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту
Ой қозғау және топтастыру арқылы «Еңбек туралы не ойлайсыңдар?» сұрағына жауап іздеу.
- 1 Ойларын қағазға түсіру (жеке жұмыс).
- 2 Жұпта пікір алмасу.
- 3 Топта талқылау.
- 4 Әр топтан бір оқушы пікірін қорғап, мұғалім оқушылар ойларын тақтаға жазады.
Осы талқылауға сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы таныстырылады: «Еңбекпен тапқан тиын».
2) Мағынаны ашу (ЖИГСО–2)
Оқушылар алдымен «жанұя тобында» мәтінмен танысады, кейін жұмыс топтарына бөлініп, эксперт парақтары бойынша тапсырмалар орындайды. Соңында жанұя тобына қайта оралып, үйренгенін бөліседі.
Эксперт парағы 1
- Қария туралы не айта аласыңдар?
- Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Жұмыс түрі: жеке жұмыс → жұптық талқылау → топтық талқылау
Эксперт парағы 2
- Ұлы туралы не айта аласыңдар?
- Ертегіні суреттеп, өмірмен байланыстырыңдар.
Жұмыс түрі: жеке жұмыс → жұптық талқылау → топтық талқылау
Эксперт парағы 3
- Анасы туралы не айта аласыңдар?
- Салыстыру: еңбекқор және еріншек.
Жұмыс түрі: жеке жұмыс → жұптық талқылау → топтық талқылау
Эксперт парағы 4
- Ертегінің тәрбиелік мәні қандай?
- Ертегіні әрі қарай қалай жалғастырар едіңдер?
Жұмыс түрі: жеке жұмыс → жұптық талқылау → топтық талқылау
Жанұя тобына оралу
- Әр оқушы өз эксперт парағы бойынша үйренгенін топ ішінде бөліседі.
- Топтық талқылаудан кейін әр топтан бір оқушы шығып, ойларын қорғайды.
Кері байланыс
Кері қатынас парағы: «Менің осы сабақтан алған әсерім».
- Не үйрендім?
- Қандай ой түйдім?
- Маған не қызық болды?
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Топтық талқылауға қатысуы, дәлел келтіруі, жауаптың мазмұндылығы және ынтымақтастық дағдылары ескеріледі.
Үйге тапсырма
Еңбек туралы мақал-мәтелдерді жинақтау.