Көркем жазу

Сабақтың тақырыбы

7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды 10 көлеміндегі санға 7-ні қосу және саннан 7-ні азайту тәсілдерімен таныстыру.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Әдіс-тәсілдері

Талдау–жинақтау, қызығушылықты ояту.

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі
  • Еңбек
  • Дүниетану

Міндеттері

1. 7 санының құрамын еске түсіре отырып, 7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру.

2. Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.

3. Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сабаққа бейімдеу: көңілді музыка қосылып, оқушылар өздері білетін фигураларды атайды.

Қызығушылықты ояту: бүгінгі сабақ әдеттегіден өзгеше болады — біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

Ертегіге кіріспе: «Жеті лақ»

Ерте, ерте ертеде бір ешкі мен оның 7 лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде жем іздеп кетерде: «Лақтарым, шырақтарым! Егер қасқыр келіп, есікті қақса — ашпаңдар» деп ескертіп кетеді екен. Бір күні қасқыр есік қағып, лақтарды алдап ұрлап кетеді. (Лақтарды жасыру.)

Енді біз ешкіге көмектесеміз. Қасқыр хат жіберіпті: ішінде неше лақ болса, сонша тапсырма бар. Тапсырмаларды орындасақ — лақтарды бір-бірлеп босатамын дейді. Орындай алмасақ — лақтар қасқырға жем болады.

Дайындық кезеңі — 1-тапсырма

Ой шақыру: «Биыл қай жыл?» (Жылан.)

Суреттер бойынша өрнек құрастыр:

  • 1 + 2 + 3
  • 2 + 3
  • 1 + 2
  • 1 + 3

II. Үй жұмысын тексеру

«Сиқырлы сан» ойыны арқылы тексеру.

Сұрақ: Біз неше лақты құтқардық? Бірінші лақ.

2-тапсырма

Екінші тапсырманы орындасақ, екінші лақты құтқарамыз.

Есепте

  • 4 + 2 + 3= ____
  • 5 + 4 + 1= ____

Есепте

  • 10 + 0 − 7= ____
  • 7 − 5 + 1= ____

Есепте

  • 9 − 6 − 2= ____
  • 4 − 3 + 8= ____

III. Жаңа сабақ: 7 санын қосу және азайту

Бүгін 7 санын қосу және 7 санын азайту тәсілдерін үйренеміз. Қазақ халқында 7 санына қатысты ұғым көп: 7 — қасиетті сан, оны жақсылыққа жориды.

3-тапсырма: Математикалық диктант

Қосылғыштардың бірі 7 болатын қосындылар

  • 7 + 1= ____
  • 7 + 2= ____
  • 7 + 3= ____

Азайғышы 7 болатын айырмалар

  • 7 − 0 = 7
  • 7 − 1 = 6
  • 7 − 2 = 5
  • 7 − 3 = 4
  • 7 − 4 = 3
  • 7 − 5 = 2
  • 7 − 6 = 1

Нәтиже: Үшінші лақ құтқарылды.

Сергіту сәті: «Кім тез есептейді?»

Логикалық есеп 1

Он асықтың үшеуін досың сұрап алды. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?

Логикалық есеп 2

Бесбайда бес іні, Елтайда екі іні бар. Қоссақ, бес пен екінің шешуі нешеу болады?

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу: 7 7 7 7 7 7

4-тапсырма: Кесінділерді салыстыру

Бұл тапсырма арқылы төртінші лақты құтқарамыз.

Берілген ұзындықтар: көк — 9 см, қызыл — 7 см, жасыл — 3 см.

Көк пен қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл мен жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.

Есептеу

  • 9 см − 7 см= 2 см
  • 7 см + 3 см= 10 см

Салыстыру: 2 см және 10 см.

5-тапсырма: Кітаппен жұмыс (есеп құрастыру)

Үлкен қасық — 10
Кіші қасық — 7
Сұрақ: қаншаға артық?

Шешуі

10 − 7 = 3

Жауабы: үлкен қасық 3-еуге артық.

6-тапсырма: Айырмаларды салыстыру

Есепте: 9 − 3 және 9 − 4.

Азайғыштарды салыстыр. Азайтқыштарды салыстыр. Осыған ұқсас бірнеше айырма жаз.

7-тапсырма: Сабақты бекіту (доп лақтыру арқылы)

А) Өрнектің мәнін тап

  • 7 + 1= ____
  • 7 + 2= ____
  • 7 + 3= ____
  • 7 − 5= ____
  • 7 − 6= ____
  • 7 − 7= ____

Ә) Санның құрамын анықта

7

құрамы

7

құрамы

7

құрамы

Мақсат: 7 санын қосынды түрінде бірнеше тәсілмен көрсету.

Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытынды

Біз 7 тапсырманы орындап, 7 лақты аман-есен анасына тапсырдық.

  • Неше тапсырма орындадық?
  • Неше лақты құтқардық?

Бағалау

Ешкі оқушылардың еңбегін бағалау үшін жалаушалар жіберіпті:

  • Қызыл — өте жақсы
  • Көк — жақсы
  • Сары — орташа

Үй тапсырмасы

  • Оқулық: 109-бет, №5 есеп.
  • 7 саны туралы ұлттық ұғымдарға байланысты мәлімет іздеу.